Баянауыл ауданының әкімі

Әйел адам алкогольдік масаю күйінде болып қылмыс жасаған

Азаматша С. 16.11.2016 жылы 03-00 сағатта апасы Б-мен және құрбысы С-мен бірге бұрыннан таныс М-ның Майқайың кентінде орналасқан үйінде қонақта қонақ үйінде бірге ішімдіктер ішкен. Ішімдік ішу барысында С-мен жәбірленуші С-ның арасында ауызша жанжал болған сол сәтте сотталушы С-да жәбірленуші С-қа тиесілі «Билайн» байланысы операторлы сим картасымен 60000 тенге тұратын «Lenovo» маркалы телефонын ашық бөтеннің мүлкін пайдалану ойына келген.

        Өзінің қылмыстық ойын іске асыру мақсатында С. алкогольдік масаю күйінде бола тұра қарсыласу еркіндігін басу және еш кедергісіз  ашық түрде «Lenovo» маркалы телефонынын иемдену мақсатында жәбірленуші С-ны шашынан қолымен ұстап тұрып аяғымен ішінен 1 рет  тепкі жасаған.

        С-ның қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші С-ға 60000 тенге мөлшерде материалдық шығын келтірілген.

        Баянауыл аудандық сотымен С. ҚР ҚК 191 бабының 2 бөлімінің 1 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

        Үкім заңды күшіне енбеген.

 

                                                                              Баянауыл аудандық сотының

                                                                              Баспасөз қызметі

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы