Баянауыл ауданының әкімі

Аудан әкімінің тезисі

2016 жылы Баянауыл аудандық әкімдігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашада халқына жолдаған «Қазақстан жаңа ғаламдық шынайылықта: өсім, реформа, даму» жолдауы бойынша жұмыс атқарды.

ӨНЕРКӘСІП

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп өндірісі 22085,0 млн.теңге, ИФК - 126,7 % құрады.

Тау-кен өндірісінде өнім шығару 2015 жыл бойынша 16434,0 млн.теңге, немесе 133,6 % құрады, соның ішінде:

Көмір және лигнит алу – 156,7%;

Темір кенін игеру – 96,6%;

Тау-кен өндірісіндегі өзге де өнеркәсіптер – 94,7%.

Өңдеуші өнеркәсіп көлемі бойынша өндірілген тауар  өткен жыл бойынша 5539,9 млн.теңге, немесе 101,9% ды құрады.

Жоспарды орындау кезеңі бойынша экономикалық өсімді жүйелі орындау барысында ұн өнімдерін өндіру 133,6%, ет өнімдерін алу – 100,6% өсім байқалды.

«Майкаинзолото» АҚ-да негізгі және түсті металлдарды өндіру 96,6% төмендеген.

Электрожабдықтауда (өндіру, тарату және электроэнергиясын бөлу) өндіріс көлемі 2016 жыл бойынша 78,3 млн.теңге, немесе 104,7 %-ды құрады.

Суды жинау, өңдеу және тарату жұмыстарының көлемі 32,2 млн.теңге, немесе өткен жыл көлемі 6 есеге артты.

ИНВЕСТИЦИЯ

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 3805,8 млн.теңге, 2015 жылмен салыстырғанда 22,7%-ға артық.

Инвестиция құрамында ауқымды орын алатыны – меншікті айналым қаражаты, 59,0%. Меншікті айналым қаражаты 2243,1 млн.теңгені құрады. Негізгі жеке күрделі қаржы Жасыбай демалыс орнында қонақүйлер мен демалыс үйлерін салуға жұмсалды.

Баянауылдық демалыс аумағын дамыту жоспары бойынша Сабындыкөл көлінде желкенді серфинг қызметін, Жасыбай демалыс орнында серпантин арқылы өтетін канатты жол, Сабындыкөл көлінде демалыс үйлерін салу үшін, қысқы спорт түрлерін дамыту үшін инвесторларды тарту қарастырылды.

БЮДЖЕТ

2016 жыл бойынша ауданның өңделген бюджет көлемі 4587,6 млн.теңгені құрады, соның ішінде трансферт – 3444,5 млн.теңге, немесе 75%.

Есептік жыл бойынша бюджеттің кіріс бөлігі 100,9%-ға орындалды. 1143,0 млн.теңге жоспары бойынша меншікті кіріс – 1183,4 млн.теңге, немесе 103,5%,  нысыналы трансферт – 3444,5 млн,теңге (100,0% жоспарға).

Бюджеттің шығыс бөлігі 99,2%-ға (4590,9 млн.теңге жоспар бойынша 4553,1 млн.теңге) орындалды.

КӘСІПКЕРЛІК

2017 жылғы 1 қаңтарда орта және шағын кәсіпкерлік өкілдері 1255 бірлікке жетті. Ол ШОК-тің тіркелген 84,8%-ын құрайды. Шағын кәіпкерлікпен айналысушылардың саны – 2334 адам. 2016 жыл бойынша шағын және орта кәсіпкерліктен 12,5 млрд.теңге көлемінде тауар өндірілді.

  • 2016 ы бизнесті қолдаудың жалпы бағдарламасы «Жол картасы-2020» бойынша 227,0 млн.теңге көлемінде 6 жоба іске асырылды:
  • - Нан және кондитерлік өнімдерді пісіретін цехтың ашылуы. ЖК Шагимов;
  • - Жолаушыларды тасымалдау ұйымы. ЖК Кабылбеков Е. Бизнесті қолдаудың 2 құралында.
  • - «Березовая роща» демалыс үйінің салынуы. «КазЭКОС»ЖШС-і ЖК Смагулова;
  • - Ұлттық мәдениетті дамыту. ЖК М.Копжасаров.

«Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында «Жануарларды өсіру кешенін салудағы инфрақұрылым, қазақтың ақбас тұқымын 1000 басқа жеткізу» жобасы жасалды. ФШ «Г.Шаихова» 15 жұмыс орны ашылды.

Ауыл шаруашылығы.

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары бойынша ауыл шаруашылығындағы барлық өнімнің көлемі 10459,2 млн.теңге немесе 103,7%.

Ауылшаруашылық өнімдеріне егіс алқабы 2016 жыл бойынша Баянауыл ауданында 7050 га. Бұл өткен жылғы аумақтан 4300-г.-ға көп, немесе 2015 жыл бойынша 200,0%-ға тең. Дәнді-дақылдарды жинау: бидай – 0,9, арпа – 3,1 және сұлы – 0,5 мың га; алаңдағы көпжылдық және біржылдық шөптер – 1,9 мың га; картоп және көкеністер – 240 гектар. Казан айында майлы мәдениетті, нақтырақ 260 гектар күнбағысты жинау аяқталды. Көктемгі суғару жұмыстарына 86,9 тонна, және күзгі-суғаруға 98 тонна арзандатылған дизелді отын жұмсалды. Сондай-ақ, шөп жинау науқанында 327 тонна жұмсалды.

Есептік кезеңде тіркеуде 1654 бірлік техника, соның ішінде 833 трактор, 30 комбайн тұр.

Аудандық ауылшаруашылықтауарларын өндірушілер Баянауыл ауылы және Майқайың кентіндегі 62 ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне қатысты. Онда 21,3 млн.теңге көлемінде ауылшаруашылық тауарлары сатылды.

1 қазанда «МТС «Жайма»» ЖШС-і Ресейге 5,3 тонна ет шығарды.

Ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 15 өндіру пункттері айналысады. Олардың ішінде, ет өндіретін – 14, тері өндірумен – 1. Қайтаөңдеудің 9 нысаны бар (диірмен – 1, нан пісіретін орын – 6, кондитерлік цех – 1, салқындатылған жартылай фабрикалық ет өнімін шығаратын - 1).

Малшаруашылығ бойынша шаруашылықтың барлық категориясы бойынша 11792,8 тонна мал және құс еті (101,2%), сүт – 36,3 мың тонна (101,0%), жұмыртқа – 2,6 млн.дана (101,0%).

Ірі қара мал басының саны 57127-ке жетті. Бұл өткен жылғы есеппен шамалас (100,2%).

Ауданда асыл тұқымды мал алу жұмыстары жүргізіледі.  Асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын КШ саны 3-тен 10-ға артты. Оның ішінде ірі қара малдан – 7, жылқы өсіру – 2, қой – 1.

2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 548 бас ірі қара мал (156,6%), «Құлан» - 394 бас жылқы (463,5 %), «Алтын асық» - 737 бас қой (441,3%) алынды.

2016 жылы мал басын дамыту және малшаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру мақсатында облыстық бюджеттен 138 КШ-қа 149,864 мың теңге бөлінді. Соның ішінде, асыл тұқымды мал басын көбейтуге 80 Кш-қа 117,200 мың теңге қаржы бөлінді.

Сауда

2016 жылы бөлшек тауар айналымы 2566,2 млн.теңгені (100,6%) құрады. Жүзеге асырудың негізгі көзі нарық және жеке кәсіпкерлер - 87%.

 Көтерме сауда айналымы 2016 жыл бойынша 104,1 млн.теңгені (27,7%) құрады.

ЖОЛ

Аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының қашықтығы 356 км. Оның ішінде 111,7 км. – асфальт төселген және 244 км. – қиыршық тас. Жақсы және қанағаттанарлықтай жағдайдағы жолдың ұзындығы – 335 км. Немес 94%. Күтілетін жылдық жоспардың меморандум көрсеткіші 94,0%.

Баянауыл ауданы бойынша ауылішілік автокқлік жолдарының ұзындығы 96 км. Оның ішінде 69 км. – асфальт төселген, және 27 км. – топырақ жабылған. Жалпы жолдар ішінен жақсы жағдайда 56,6 км (15,9%)және қанағаттанарлық 262,1 км. (73,7%), нашар жағдайда 37 км. (94,0%)

Аудандық маңызы бар жолдарды жне ауылішілік жолдарды жөндеуге 55,1 млн.теңге қаржы бөлінді. 53,9 млн. теңге (97,8%) игерілді. Теңдік және Қараащы ауылдарындағы жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (26,2 млн.теңге) және қазір Ақсаң ауылындағы кіреберіс жолына жөндеу жүргізілуде.

 

ҚҰРЫЛЫС

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 1426,5 млн. теңгені немесе 2015 жылдың кезеңіне 119,4%-ды құрады. 

2016 жылы ауданда 2405 ш.м  іске қосылды немесе 2015 жылдың кезеңіне 176,6 пайызды құрады.

БАЙЛАНЫС

Бүгінгі таңда аудан бойынша телефон желісіне 5665 абонент қосылған.  Барлық 14 АТС   және 3 сымсыз телефон нүктелеріне СДМА-450 базалық станциялары орнатылды. Барлық АТС сандық байланысқа ауыстырылды. 

2720 абонент сымсыз интернет қызметімен  қамтамасыздандырылған.

Бүгінгі күні ялы байланыспен қамтылмаған 4 ауылдық округ  ( Құндыкөл,Ақсан,Күркелі,Ұзынбұлақ ауылдық округтары).

Коммуналдық шаруашылық

Баянауыл ауданында 74 көппәтерлері тұрғын үйлер бар Майқайың кентінде 62 үй, Баянауыл ауылында 12 үй орналасқан, (кондоминимум нысандары ретінде тіркелгені-8).

Ауданның жылу желілерінің ұзындығы  22,9 шақырым, соның ішінде Майқайың кентіндегі жылу желісі - 22 шақырым.

2016 жылы  Майқайың кентіндегі жылу жүйелері мен су құбырларының жалпы ұзындығы 1130  метр құбырлардың жөндеу жұмыстарына облыс бюджетінен 16, 9 млн. тенге бөлініп жөнделді (700 метрлік су құбырының диаметрі 159 мм, су құбырының изоляциясы минеральдық мақтамен жабылды).

Майқайың кентінде кәріз науайынтазарту мен суды есептейтін есеп құралдарын орналастыру жұмыстары орындалды. Осы күнге дейін 2400 абонементің 1256 есеп құралдары орналастырып, жұмыс әлі де жалғасуда.

Газбен жабдықтау

Аудан орталығынада орналасақан ЖШС "КМБК және К" газ толтыру станциясы аудан тұрғындарын толық көлемде газбен қамтамасыз етеді. Газ баллон құны 900 теңге, үлкен газ баллонның құны – 1500 теңге.

Сумен жабдықтау

Ауданда барлығы 39 елді мекен бар, онда 26,7  мың адам тұрады. Аудан халқының 41 %  құбыры сумен, 59 %  орталықтандырылмаған көздерден қамтылған.

Шоптыкөл ауылында сумен жабдықталмай, әкелінген сумен қамтамасыз етіледі, ал Ақсан және Жуантобе ауылдарының су құбырлары қайта жөндеуді қажет етеді.

«Жол картасы» бойынша Майқайың кентінің су құбырларын қайта құру жұмыстарына жалпы жоба сомасы – 542,2 млн. тенге, 2010-2014 жылдары республикалық және облыстық бюджеттен 444,0 млн. теңге бөлінді.. 2016 жылы республикалық бюджеттен 100,2 млн. тенге бөлінді.

БІЛІМ БЕРУ

Ауданда 28 жалпы білім беру мектептері жұмыс істейді, оның ішінде 21 орта, 3 негізгі және 4 бастауыш. Оқушылар контингенті 4772 бала. Аудан бойынша ҰБТ-ның орташа ұпайы 94,8 –ді құрады, бұл 2015 жылдың көрсеткішінен 15,2 ұпайға жоғары. Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 1 шілдедегі №188/07 қаулысымен 4 бастауыш мектеп жабылды. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 2 өнер мектебі,1 колледж бар.

         Білім беру жүйесінде 7 балабақша, 16 шағын орталық, 2 мектеп-балақша оқу –тәрбие кешені қызмет жасайды. 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамту 100%,  2-6 жас 90,9%.  Меморандумның жылдық орындалу көрсеткіші 91%, жоспарланғаны 91%.

         Компьютерлік техникамен қамту 6,6 оқушыға 1 компьютерден.

МӘДЕНИЕТ

Ауданда 3 мұражай, клуб үлгісіндегі мекемелер мен 22 мәдениет үйі, кітапхана жүйесіндегі 37 кітапхана қызмет атқарады. Жалпы кітап қоры - 195419 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде - 89365.

Өткен жылы аудан кітапханаларында 16850 мың оқырманға 1465 іс шара өткізілді. Жыл басынан мәдениет нысандарында барлығы 985 мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, оған 88500 адам қатысты.

2016 жылы мемлекеттік  бағдарламаны жүзеге асыру  жүзеге асыру аясында 2016 жылы ағылшын тілін үйрену курсы өткізіліп, мемлекеттік  және азаматтық қызметкерлер  сертификат алды.

    СПОРТ

Аудан бойынша 136 бірлік спорттық  ғимараттар бар, оның ішінде – 1 стадион, 2 денешынықтыру-сауықтыру кешендері, 1 хоккей корты, 30 спорт залдары, 90 спорттық алаңдары мен 12 ату албары бар.

Есептік кезеңде 130-дан астам бұқаралық-спорттық іс-шара өтіп 8,5 мың адам қатысты. Ауданда дене шынықтыру және спортпен 7873 адам жүйелі түрде шұғылданады, ол ауданның жалпы халық санының 29,5 пайызын құрайды.

«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясында Баянауыл ауылындағы орталық стадионның күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 19,1 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмыстар аяқталды.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ    

Есепті кезеңде 2 бала өлімі жағдайы тіркелген, ана өлімі тіркелген жоқ.

Туберкулез ауруынан сырқаттанушылық пен  өлімді азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тыныс алу органдарының туберкулезі ауруынан шалдығуы бойынша 4,8%-ға артты, жалпы 15 оқиға тіркелген  (2015-14)  немесе 100 мың тұрғынға 60,9%, қатерлі ісік ауруымен шалдығуы  бойынша 18,4%-ға артты, жалпы 49 оқиға (2015-45) немесе 100 мың тұрғынға 198,9%.

2016 жылы 11169 ересек адамды және 7760 баланы скринингпен қамту жоспарланды, ағымдағы кезеңде 11521 ересек адам,  7225 бала қамтылды.                                           

Әлеуметтік қорғау

Еңбек нарығы

Жыл басынан жұмыспен қамту орталығына жұмысқа тұруға өтініш білдірген 1245 жұмыссыз,оның ішінде жұмысқа орналастырылғаны – 940 жұмыссыз (75.5%).  1 қаңтарға   жұмыссыздар саны – 24 адам.

2016 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспары бойынша 648  жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, оның ішінде 148 тұрақты және 500 уақытша және маусымдық жұмыс орындары.  2017 жылдың 1 қаңтарға  744 жаңа жұмыс орындары ашылды, оның ішінде 238 жаңа  тұрақты және 506 уақытша және маусымдық жұмыс  орындары ашылды.

1 қаңтарға 288 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылды, жоспар бойынша- 250. 2016 жылы бағдарламаға сәйкес 92 (жоспар 50) әлеуметтік жұмыс орындары ашылды. 

Еңбек нарығында тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,2%.

6 отбасы 18 адамға 990,0 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. 18 жасқа дейінгі балалары бар 147 отбасындағы 457 балаға 8738,0 мың теңге тағайындалып төленді.

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі 104 жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлермен мүгедек балаларға көмек көрсетеді.

«Жұмыспен  қамту жол  картасы 2020» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар

2016 жылы ауданда жалпы сомасы 234,3 млн теңгеге «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 27 жоба іске асырылды.

1.«С.Торайғыров атындағы ЖОББМ» КММ-нің қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары, мердігер «Песчан жөндеу-механикалық зауыты» ЖШС. Жөндеу жұмыстары барысында жаңадан 9 жұмыс орны ашылды, оның ішінде 5 адам халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданды. Жұмыстар аяқталды, қабылдау актісі 24 қыркүйек 2016 жыл.  

2.Жаңатілек ауылының «Б.Хайдаров атындағы ЖОББМ» КММ-нің қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары, мердігер «Песчан жөндеу-механикалық зауыты» ЖШС. Жөндеу жұмыстары барысында жаңадан 10 жұмыс орны ашылды, оның ішінде 5 адам халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданды. Жұмыстар аяқталды, қабылдау актісі 23 қыркүйек 2016 жыл.  

3.Ә.Марғұлан атындағы ЖОББМ-нің дәретханасына ағымдық жөндеу жұмыстары. Жылы дәретхана орнату бойынша ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаражат сомасы – 10239,0 мың теңге. Мердігер «Винтрейд» ЖШС. Келісім шарт сомасы 6870,0 мың теңге. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыстар аяқталды, қабылдау актісі 29 тамыз 2016 жыл.  

4.Бірлік ЖОББМ-нің дәретханасына ағымдық жөндеу жұмыстары. Жылы дәретхана орнату бойынша ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаражат сомасы – 4794,0 мың теңге. Жеңімпаз «Токпаев К» ЖК. Келісім шарт сомасы 3333,3 мың теңге. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыстар аяқталды, қабылдау актісі 29 тамыз 2016 жыл.

5.Жаңатілек ауылдық клуб ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары. Жұмыстар аяқталды. Мердігер «Отдел жилстроя» ЖШС. 2016 жылғы 03 тамыздағы №14 келісім-шарты. Сомасы – 23296,0 мың теңге.

6.Жаңатілек ауылының шағын футбол алаңы мен спорттық алаңын абаттандыру жұмыстары.

7.Қаратомар ауылының балалар ойын алаңын абаттандыру жұмыстары.

8.Қаратомар ауылының темір-бетондық қоршаулармен абаттандыру жұмыстары.

9.Қараащы ауылының шағын футбол алаңын абаттандыру жұмыстары.

10.Майқайың кентінің екі балалар  алаңын абаттандыру жұмыстары.

11.Ұзынбұлақ ауылында шағын футбол алаңын абаттандыру жұмыстары;

12.Торайғыр ауылының трасса жанында темір стелланы абаттандыру жұмыстары.

13.«Служон ЖОББМ» КММ жылы дәретханаға ағымдық жөндеу жұмыстары;

14.«Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп интернаты» КММ-нің еденің ағымдық жөндеу жұмыстары.

15.Күркелі ауылының балалар ойын алаңын абаттандыру жұмыстары .

16.Қызылтау ауылының шағын футбол алаңын абаттандыру жұмыстары.

17.Майқайың кентінің емхана ауданындағы саябақ аумағын (қоршау) абаттандыру жұмыстары.

18.Ақсан ауылында шағын футбол алаңын абаттандыру жұмыстары.

19.Шөптікөл а/о-нің ЦЭС ауылдық клубқа күрделі жөндеу жұмыстары.

20.Торайғыр ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстары.

21.Баянауыл ауылының балалар ойын алаңын абаттандыру жұмыстары.

22.Жаңатілек ауылдық клубының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары

23.«Баянауыл ауылының Сәтбаев көшесін (қоршау) абаттандыру» жұмыстары

24.«М.Ж.Көпеев атындағы ЖОББМ-нің дәретханасына ағымдық жөндеу жұмыстары». 

25.«Б.Хайдаров атындағы ЖОББМ-нің дәретханасына ағымдық жөндеу жұмыстары»

26.Жаңатілек ауылының балалар ойың алаңын абаттандыру жұмыстары.

27.«Баянауыл ауылының Стелладан бастап автобекетке дейінгі жарықтандыру жүйесін абаттандыру»

Екінші бағыт «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдардың кешенді дамуы» бойынша 2016 жылы 29 адамға 88,2 млн теңге шағын несие бөлініп, толығымен игерілді.

Үшінші бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 44 адам жолданып, 5,9 млн теңге игерілді. Жастар  тәжірибесіне 15 адамды жолдау көзделген, 1 желтоқсанға орындалғаны 30 адам. Кәсіптік оқытуға 4,2 млн теңге бөлініп,20 адам жолданды. Оның ішінде қайта даярлауға 15 адам, біліктілігін арттыруға 5 адам. Қайта даярлаудың тракторист –машинист мамандығын аяқтаған 14 бағдарлама қатысушылары тұрақты жұмыспен  қамтылды.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

2016 жылдың 1 желтоқсанына 222 қылмыс тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 88,3%-ды құрады. 11 жол көліктік оқиға, 8 тонау, 124 ұрлық пен 1 қарақшылық тіркелді.

«Жолдағы қабылдау» акциясы жүргізіліп, «Абайлаңыздар-балалар», «Құқықтықтәртіп», «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шаралары өтті.Күн сайын Баянауыл ауылы мен Майқайың кенттерінде жергілікті жол көліктік полиция мен учаскелік инспекторлардың жедел қимылдау топтарымен патрульдеу жұмыстары жүргізіледі.

50 адамнан құрылған «Сарбаз» ұйымы қызмет етеді.

Заңдастыру

Аудандық комиссияның қаралуына мүліктің жалпы құны 95,7 млн.теңгені құрайтын 149 өтініш түсіп, 6 өтінушінің өтініші қабылданбады.. 143 өтініш бойынша нысандар заңдастырылып әділет басқармасына тіркелді.

Ауданда заңдастырудың ақпараттық хабарландырылуы мен жарияланылуы бойынша аудандық газетте мақалалар жарияланып, 350 хабарландыру-парақшалары ілінді.

Нысаналы мақсатта пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдерімен жұмыс

Ауданда нысаналы мақсатта пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдері  барлығы - 55748 га-ды, оның ішінде егістік - 26332 га, жайылым - 29416 га-ды құрайды.  Оның ішінде 17414 га өз еркімен бас тартылып, құқықтық растайтын құжаттардың күшін жою бойынша қайтарылды. Қалған 38 334 га бойынша жұмыстар жасалуда. Тізімдері Павлодар облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жіберілген.

ВЕТЕРИНАРИЯ

2016 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 107,5 млн.теңге бөлініп, толығымен игерілді.

2015-2016  жылдары оң нәтиже көрсеткен ауыл шаруашылық малдарына өтемақы төлеуге 84,5 млн.теңге бөлініп, игерілді.  241 жеке тұлғалардан 1105 бас ірі қара мал және 84 бас ұсақ қара малдар ет өңдеу кәсіпорындарына тапсыруға жағдай жасалынды.

 ТУРИЗМ

 Ұлттық парк шекарасында 13 туристік бағыты жұмыс жасайды. 

 Қоңырәулие бағытының кірме жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қоңырәулие мен Кемпіртас туристік бағыттарында қонақ үйлер қызмет етуде. 

2016 жылы №12 «Жасыбай көлі – Баянауыл (Жасыбай батыр зираты)» мен №13 «Жасыбай көлі-Біржанкөл–Жаңажол-Ескелді (М.Ж. Көпеев кесенесі)»  2 туристік бағыттары бекітілген.

2016 жылы Жаяу-Мұса ескерткіші мен жолға жақын жағажай бойына шырша отырғызу жұмыстары жүргізілді. Жаяу Мұса ескерткіші жанына гүлдер отырғызылды. Көлік жүрісі үшін орталық қиылыстың жолы кеңейтілді. 

2016 жылы «Табиғатты қорғайық», «Өртке қарсы қауіпсіздік», «EXPO-2017» тақырыптары бойынша билбордтар құрылған.

         Демалушыларды қабылдау үшін 39 демалыс үйлері, 2 балалар сауықтыру орталықтары, сонымен қатар 25 уақытша қоғамдық тамақтану орындары (дәмхана) қызмет көрсетті.

Демалушыларға 25 қайық, 35 катамаран берілді. Жасыбай демалыс аймағының орталығында ақпараттық орталық, медициналық пункт, жолаушыларды тасымалдауға сатылатын билеттер кассасы жұмыс істеді.

2016 жылы ұлттық парк шекарасына 153778 демалушылар келді.

ІШКІ САЯСАТ

Бұқаралық ақпарат құралдары. Аудандық «Баянтау» газеті арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 8,1 млн теңге бөлінді. Газеттің 2017 жылғы таралымы 2100 дананы құрайды.

Жастар саясаты.  Аудан бойынша 14 пен 29 жастағы жастар саны бүгінгі күнге 5,8 мың адамды құрап, аудан халқының 23 пайызын қамтиды.

2016 жылдың басынан «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен барлығы 92 шара өткізілді.

Жастар арасында жұмыссыздықты азайту мақсатында маусымдық жұмысқа барлығы 59 жас орналасты, оның ішінде - 34 адам «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша, 25 адам Жасыбай демалыс аймағында орналасқан «Кристал» демалыс орнына орналасты.

Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы» бойынша 16 жас адамдар кәсіпкерлік негіздері  курстарын оқып келді.

2016 жылы жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында 7 адамға жалпы сомасы 18 млн теңгеге несие берілді.

2016 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 67 жас маман көтерме жәрдемақы алып, 9 маманға бюджеттік несие берілді.

Конфессияаралық  саясат. Ауданда конфессияаралық толеранттықты сақтау және нығайту, діни экстремизм мен тоталитарлық секталар таралуының алдын алу мақсатында дін мәселелері жөніндегі «Имандылық орталығы» жұмыс жасайды.

Жылдық жоспарға сәйкес «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығымен» бірлесе отырып ауданның жастары арасында, ауылдық округтерде семинар-тренингтер өткізіледі.

2016 жылы 72 шара өткізіліп, оған барлығы 7800 адам қамтылды, дін мәселелерін реттейтін заңнамалық актілер жазылған материалдар таратылды.

 «Баянтау» газетінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша тақырыптық мақалалар жарияланып тұрады. 

Аудан бойынша қоғамдық – саяси ахуал тұрақты.

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы