Баянауыл ауданының әкімі

Сот кабинеті

      Сот кабинеті бұл онлайн сервиске және сот органдарының қызметіне жол болып табылады. Сот кабинеті арқылы азаматтар және олардың өкілдері немесе қорғаушылары үйінен немесе кеңсесінен шықпай ақ интернет жүйесі арқылы өтініштер мен жүгінулерін электрондық  жолмен жібере алады.

2015 жылғы қаңтар айынан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарының барлығында ҚР электрондық сот ісін жүргізуі  дамыту мен сот төрелігінің айқындылығын анықтау  мақсатында, «ХҚКО» РМК мен ҚР Жоғарғы Сотының арасында «Сот кабинеті» біріккен жобасы іске асырылған болатын. Және де мемелекеттік бажды онлайн жүйеде төлеуге мүмкіншілік бар, тапатарға іс бойынша сот құжаттарымен танысуға және істің қаралу барысын, қаралу мерзімін қадағалай алады.

ХҚКО жүгінген қызмет  алушылар алдағы кезде 2011 жылдан бастап «E-gov» парталында іске асырылған «Сот кабинетінің» мүмкіндіктері туралы ақпарат алулары тиіс.

Қазіргі таңда, ҚР Жоғарғы Сотының сайтында www.sud.gov.kz сілтемесі бойынша өтіп, әркім «Сот кабинеті» бөлімінде соттың алғашқы сатысына талап арыздарды беруден бастап қызметтерді ала алады. Жеке тұлға мен оның өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері сотқа «Сот кабинеті» сетвисінде тіркелулері қажет.

«Сот кабинеті» авторизациялау ЖСН немесе БСН және пароль көмегімен жүзеге асырылады. Заңды тұлғалардың өкілдері өтініш берген кезде авторизация БСН арқылы жүзеге асырылады.

Осы бағыттағы ХҚКО қызметкерлерінің міндеті – тұрғындарға «Сот кабинетіндегі» сервистер мен мүмкіндіктер, сондай-ақ электрондық өтініштерді беру кезінде техникалық сүйемелдеуді көрсету туралы ақпарат беру. Осы ақпаратты ұсынған кезде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының ХҚКО қызметкерлері электрондық цифралық қолтаңба алуға көмектеседі, өйткені «Сот кабинетінде» жұмыс істеу үшін тіркелу мен авторизация ЭЦҚ арқылы жүргізіледі. Жеке куәліктегі электрондық чипке жазылған  ЭЦҚ бойынша  электрондық сервиске кіру іске асырылған жоқ.

Сервисті қолданушы «Сот кабинетінде» электрондық құжаттарды тапсырып, авторизация процедурасынан өткеннен  кейін сотқа жүгінуіне болады:

  1. талап арызбен;
  2. сот ортасының хаттамасын ұсыну туралы өтінішпен;
  3. сот отырысы хаттамасының ескертуімен;
  4. өтінішпен;

Қолданушымен енгізілген файлдың форматы *doc, *docx, *pdf, *jpeg сай келуі қажет. Әр файлдың максималдық көлемі 10 МВ аспауы тиіс.

«Электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы мемлекеттік баж салықтарының төлемі электрондық үлгіде өтініштерді толтырғаннан кейін жүргізіледі.

Өтініштерді толтырған кезде  жолдарды таңдап алу шешімі өтініш берішімен қабылданады. Электрондық өтініштерді толық емес және қате толтыру жауапкершілігі өтініш берушілерге жатады.

Талап арыздардың (өтініштердің) аппеляциялық /жеке шағымдардың, кассациялық шағымдар, қадағалау тәртібінде сот актілерін қарастыру туралы қолдау хаттарды, жаңадан сот актілерін қарастыру туралы өтініштердің жіберілгенін растау жіберілген жөнінде талонның қалыптасуы болып табылады.

                                                                    Баянауыл аудандық сотының

                                                                    Кеңсе меңгерушісі

                                                                    А.М.Омарова

 

 

 

 

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы