Баянауыл ауданының әкімі

Көрiнеу жалған сөз жеткiзген

12.12.2016 жылы сотталушы А. жұбайы К-мен рейстік автобуспен оптикалық өнімдер /көзілдірік/ өткізу үшін Баянауыл ауылына келген. Сотталушы А. бұрыннан таныс жолдасы Ж-ты көрген және оның үйіне қонуға сұранған. Олар кездесулерін атап өту үшін спирттік ішімдіктер ішкен, кейін ұйықтауға кеткен. А. пен К-ның арасында ұрыс басталған кеін төбелеске ұласқан. Төбелес барысында олар бір-біріне дене жарақаттарын келтіріп, үстіндегі киімдерін жыртқан.

         Келесі күні таңартең А. жұбайымен бірге Баянауыл ауылында орналасқан тупдиспансерге барған және онда танысы Б-ты кездестірген «Не болды?» деген оның сұрағына оларды ұрып, тонап кетті деп жауап берген. Жұбайлар масаю күйінде болғандықтан және киімдері болмағасын Б. жедел жәрдем шақырған, оарды ауруханаға алып кеткен. Полиция қызметкерлерінің сұрағына олар Қалқаман-Керней тас жолында оларды ВАЗ- 2109 маркалы автокөлігімен жүрген белгісіз 3 жігіт  тонап кетті деп айтып, ІІБ осы факті бойынша арыз жазған. Осы факті бойынша мән-жайлар анықталғаннан кейін Баянауыл ауданының ІІБ қызметкерлерімен А-қа қатысты ҚР ҚК 419 бабының 2 бөлімімен «қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу» бойынша қылмыстық іс қозғалған.

        Сот үкімімен А. ҚР ҚК 419 бабының 2 бөлімімен көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

       Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

                                                                        Баянауыл аудандық сотының

                                                                        Баспасөз қызметі

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы