Баянауыл ауданының әкімі

Жол қозғалыс тәртібін бұзғаны үшін айыппұл тағайындалды

Баянауыл аудандық сотымен К-қа қатысты жол қозғалыс тәртібін бұзғаны бойынша әкімшілік ісі қаралған. 

Сотпен құқық бұзушы К. 28.11.2016 жылы 15 сағат 24 минут шамасында Баянауыл ауылының Сәтбаев көшесінің бойында Лада 21144-110-42 маркалы автокөлігін басқарып, бұрылыс жасау кезінде қозғалыстың қауіпсіздігіне көз жеткізбей жүру бағытына шыққан кезде қозғалыс бағытында жүріп келе жатқан Тойота Камри маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Аталған іс-әрекетімен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот қаулысымен К. кінәлі деп танылып, 15 883 тенге мөлшерінде айыппұл тағайындалған.

                                                                            Баянауыл аудандық сотының

                                                                            баспасөз қызметі

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы