Баянауыл ауданының әкімі

Баянауыл аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Аталған шараға сот төрағасы Д.С.Салатов, судья С.Х.Даньярова, прокурор  және Павлодар облысының  ҚАЖД Баянауыл аудандық пробация қызметінің инспекторлары қатысты.

       Аталған дөңгелек үстел аудандық сотттың судьяларымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының талаптарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

          Өз сөзінде сот төрағасы Д.С.Салатов 13 желтоқсан 2016 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау» Заңына қол қойғанын айтты.

       Д.С.Салатов дөңгелек үстелдің қатысушыларына Заңның қолданудың жалпы талаптарын қолдануын және амниястиямен байланысты жазадан босатылу тәртібін түсіндірді.

         Прокурор Р.М.Рахманбергенов осы Заң кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс, террористік, экстремистік қылмыстар, азаптаулар, өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылғандарға, өмір бойына бас бостандығынан айыру, бұрын рақымшылық жасау немесе кешiрiм жасау қолданылған, қайтадан қасақана қылмыстар жасағандар, қылмыстық топтар құрамында қылмыстар жасағандар, шпиондық, террорлық акт, диверсия, жалдамалылық, контрабанда және т.б. жасағандарға қолданылмайтындығын атап өтті.

        Пробация қызметінің аға инспекторы Е.Т.Шайхинмен қазіргі уақытта тіркеуде тұрғандардың арасынан 28 сотталған амнистияға жататындығы аталды.

        «Дөңгелек үстел» жұмысы барысында бірлесіп жұмыс жасау және  сот актілерінің уақытылы орындалуы мақсатында констуктивтік әңгімелесу болды.

          Іс- шараның соңында Д.С.Салатов қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, осы іс- шараға қатысып, ат салысқандары үшін алғыс айтты.

 

 

                                                                                    Баянауыл аудандық

 сотының баспасөз қызметі.

 

 

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы