Баянауыл ауданының әкімі

Еңбек өтілімі анықталды

Баянауыл аудандық сотымен Ш-ның арызы бойынша заңдық маңызы бар фактісі еңбек өтілімін анықтау туралы азаматтық ісі қаралды.

        Зейнетақы жасына келгендіктен Ш. зейнетақы алуға құжаттар жинаған. Зейнетақы тағайындайтын уәкілетті мекемеге жүгінген кезде оған сот тәртібімен еңбек өтілімін анықтау қажеттілігі түсіндірілген.

        Сот отырысында арызданушы заңдық маңызы бар фактісі 06 мамыр 1978 жылдан 08 тамыз  1980 жылдың аралығында Баянауыл ауданының Сәтпаев совхозында тракторшы болып жұмыс істеген еңбек өтілімін анықтауды сұраған бұл шешім жасы бойынша жәрдемақы тағайындауға керек екенін, осы фактіні басқа жолмен анықтау мүмкіншілігі жоқ екенін көрсеткен.

        Сот шешімімен Ш-ның 06 мамыр 1978 жылдан 08 тамыз  1980 жылдың аралығында Баянауыл ауданының Сәтпаев совхозында тракторшы болып жұмыс істегені  еңбек өтілімі анықталды.

        Сот шешімінің негізінде уәкілетті органмен еңбек өтілімі қайта саналып, ол арызданушыға  төленетін зейнетақының мөлшеріне әсер етеді.

 

                                                                              Баянауыл аудандық сотының

                                                                              Баспасөз  қызметі

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы