Баянауыл ауданының әкімі

Баянауыл ауданының әкімі Н.М. Күлжанның аудан жұртшылығына 2015 жылғы есеп беру тезистері

Баянауыл ауданының әкімі Н.М. Күлжанның

 

аудан жұртшылығына  2015  жылғы есеп беру тезистері

 

Құрметті жерлестер!

 

 

 

 

Өткен 2015 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңіс мерекесінің 70 жылдығы, Қазақстан мемлекеттілігінің түпқазығы –  Қазақ хандығының 550 жылдығы сияқты мерекелері қазақстандық патриотизмді қалыптастыру негізіне айналды.

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2015 жылғы 30 қараша күні «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты биылғы Жолдауында «Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету»!- деп нақты атап өтті.

 

«Мәңгілік Ел» отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз.

 

Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.

 

Елбасы  Жолдауында дағдарысқа қарсы және құрылымдық кешенді жаңаруларды жүзеге асырудың 5 бағытын ұсынды.

 

Еліміздің басты құндылығы елдегі бейбітшілік пен бірлік, экономиканың тұрақтылығы, этносаралық татулық пен толеранттылық екенін халқымыз түсінуі тиіс. Кең-байтақ Қазақстанды мекендеген ұлт пен ұлыстардың татулығы мен бірлігі кез келген күрделі мәселенің кілті секілді. Ел бірлігі барда шешімін таппайтын іс жоқ.

 

Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2030», «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Дағдарыстан дамуға», «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты сынды жоспарлы Жолдаулары мен бағдарламалары еліміздің басты бағдары мен ұстанар бағытына айналып отыр.

 

Құрметті жерлестер!

 

Баянауыл ауданында 2015 жылы атқарылған жұмыстары мен әр сала  көрсеткіштерін сіздердің назарларыңызға ұсынамын.

 

Аудан бюджетінің 2015 жылы кіріс бөлігі  4 млрд 301 млн 677 мың теңгеге жоспарланып, 4 млрд. 202 млн. 138 мың теңге түсті,  жоспар бойынша 97,7 %,  орындалмаған кірістер 99 млн. 538 мың теңгені құрайды.

 

1-3 санаттағы кірістер  бойынша  түсім   94,6 пайызға орындалды, немесе жоспар  1 млрд. 070 млн. 303 мың теңге болғанда нақты 1 млрд. 012 млн. 367 мың теңге кірістер түсті, 57 млн 934 мың теңге көлемінде орындалмаушылық қалыптасты.

 

Ауданның меншікті салықтары бойынша бюджетке кем түсуі, ол өткен жылдың желтоқсан айында төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы Майкөбен-Вест ЖШС-гі 2015 жылдың есебінен аванстық төлем төлегендіктен, аталған салық маусым айынан бастап қана төленді, және  Майқайын кентіндегі Әскери кен-құтқарушы отряды  кентте қызметін тоқтатып, салық төлейтін тіркеуден  шықты. 

 

Сонымен қатар жоғары бюджеттен түсетін 15 млн.130 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат түскен жоқ, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен аудандағы автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінген қаражаттан 26 млн.475 мың теңге ауа - райының қолайсыздығынан асфальт төсеу жұмыстары тоқтатылып   жоғары бюджетке қайтарылды.

 

Бюджеттің шығыс бөлігі трансферттерді қоса  97,7 пайызға игерілді, (жоспар 4 млрд. 399 млн. 947 мың теңге, орындалуы  4 млрд. 300 млн. 365 мың теңге),  99 млн 582 мың теңгесі игерілмеген қаражат, оның ішінде:

 

-  жоғары бюджеттен түспеген қаражат 15 млн. 130 мың теңге;

 

- қолма-қол бақылау шотында аудан бюджетінің кіріс бөлігінің орындалмауына байланысты ақшалай қаражаттың болмауынан жергілікті бюджеттің шығындары 57 млн. 220 мың теңгеге орындалмай отыр.

 

Өнеркәсіп

 

Ауданда 3 ірі шаруашылық нысаны жұмыс атқарады: «Майкубен-Вест» ЖШС, мемлекеттің қатысуымен «Майкаин-золото» АҚ, «Керегетас» кеніші.

 

2015 жылдың қаңтар-қараша айында өнеркәсіп кәсіпорындары  жалпы сомасы 11 млрд. 618,0 млн.теңге көлемінде өнім шығарған, нақты көлем көрсеткіші 85,7 %-ды құрады.

 

2015 жылдың қаңтар - қараша айына көмір өндіру – 2811,7 мың тонна немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,8% құрады.

 

Инвестиция

 

Аудан бойынша ағымдағы жылдың 1 желтоқсанға есептегенде негізгі капиталға құйылған инвестицияның көлемі 2542,7 млн. теңгені құрады.                ( немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,6 пайызды құрады).

 

Құрылыс

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі – 1356,4 млн. теңге.( немесе өткен жылғы тиісті кезеңге – 90,3%, соның ішінде: мемлекеттік меншік – 151,2 млн. теңге,  жеке меншік – 1201,5 млн. теңге және шетел меншігі – 3,7 млн. теңге).

 

Кәсіпкерлік

 

2015 жылғы 1 желтоқсан жағдайына Баянауыл ауданы бойынша орта және кіші бизнестің 1672 субъектісі бар, осы нысандарда 1958 адам жұмыс атқарады.

 

Бөлшек сауданың нақты көлемі – 1815,2 млн.теңге құрады немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,0%  құрады.

 

 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2015 жылы жеке кәсіпкер «ЖАН» Агимбеков А.Т. инвестициялық мақсаты құрылыс жабдықтарын алу арқылы, демалыс қонақ үйлеріне сервистік қызмет көрсету жобасын іске асыру мақсатында 100,0млн. теңге несиелендірілді..

 

            Ауыл шаруашылығы

 

 Ауыл шаруашылығы саласында  2015 жылдың 1 желтоқсанына 7 млрд. 240,9 млн. теңгеге өнім өндіріліп, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,4% құрады.                        

 

Асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырын өсірумен 7 шаруашылық айналысуда, олар: «МТС Жайма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Оразбек», «Қайрбек», «Әнет», «Отан»,  «Айша» және  «Шаихова Г.К.»  шаруа қожалықтары.      

 

         Сонымен қатар, биылғы жылы «Санат» шаруа қожалығы асыл тұқымды «Жабы» жылқы өсіруші мәртебесін, «Айша» шаруа қожалығы асыл тұқымды ет-май бағытындағы қазақ  қойын өсіруші мәртебесін алды.  

 

Ауданның шаруашылық қожалықтары 144 млн. 92 мың теңгеге 39 дана ауыл шаруашылық техникаларымен толықтырды.

 

Мемлекет тарапынан отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін көбейту, сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жыл сайын республикалық бюджеттен қомақты субсидиялар бөлініп келеді.

 

           2015 жылы 269 бас асыл тұқымды мал сатып алғаны үшін 61 шаруа қожалығына  39 млн.817 мың теңге, ал бордақылау алаңына 31 бас еркек төл тапсырғаны үшін 1 шаруа қожалығына  744 мың теңге, ірі қара малға тұқымдық  асылдандыру жұмысын жүргізіп отырған 118 шаруа қожалығына 281 млн.538 мың 600 теңге субсидия төленді.

 

           2015 жылға «Сыбаға» бағдарламасымен жоспарланған ірі қара малдың саны 750 бас, нақты сатып алынғаны 1039 бас 138,5%-ға орындалып, 25 шаруа қожалығына 171 млн.65 мың теңге берілді.

 

Ал, «Құлан» бағдарламасымен жоспарланған  жылқы саны 425 бас, нақты сатып алынғаны 839 бас немесе 197,4%-ға,  16 шаруа қожалығына 241 млн.62 мың теңге берілді.

 

«Алтын Асық» бағдарламасымен жоспарланған қой саны 800 бас, нақты сатып алынғаны 989 бас қой 123,6 %, 6 шаруа қожалыққа 19 млн. теңге несие берілді.

 

«Жайылымды сумен қамтамасыздандыру» бағдарламасымен Ұзынбұлақ ауылдық округінен «Отан» шаруа қожалығы Акилов Т.О.                    1 ұңғыма құдық қаздырды. Жоба құны 1 млн. теңге. 800 мың теңге субсидия ретінде қайтарылды.

 

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясында «МТС Жайма» ЖШС 2010 жылдан бастап «7000 бас қазақ ақбас тұқымды ірі қара малын, оның ішінде 2500 бас аналық мал басын бірге ұстау үшін дамыған инфрақұрылымымен малшаруашылығы кешенін құру» инвестициялық жобасын іске асыруда.

 

Қазіргі кезде шаруашылықта 3115 бас  асыл тұқымды ірі қара мал бар, оның 1032 қазақтың ақ бас сиыры, 1155 ангус, 928 герефорд.

 

Осы атқарылып жатқан жұмыстар аясында 2015-2017 жылдарға жоспарланған инвестициялық жобалары бар:

 

1- жоба: «Ірі қара мал төлін бордақылайтын алаңын бір кезекте  3000 басқа дейін жеткізу». Іске асыру мерзімі 2015-2016 жылдары, қаржы көлемі -  67,0 млн.теңге. Мақсаты: жылына 600 тонна сиыр етін өндіру, ашылатын 10 жұмыс орны.

 

2- жоба: «Мал азығын өңдейтін цех ашу». Қуаты 5,0 тонна сағатына, ашылатын 12 жұмыс орны, ғимараты дайын, сметалық-жобалық құжат дайындауда. Қаржы көлемі-150,0 млн.теңге, қаржы көзі- «КазАгроФинанс» АҚ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3- жоба: «Екібастұз қаласында шағын ет өңдейтін комбинат ашу». Қуаты 3,0 - 5,0 тонна тәулігіне, ашылатын 30 жұмыс орны, қажетті қаржы көлемі - 100,0 млн.теңге, қаржы көзі -  «КазАгроФинанс» АҚ-ы.

 

Жаңажол ауылдық округінде «Bayanaul Agro»  «Жылына  125 тонна ет өндіретін инфрақұрылымы дамыған мал  шаруашылығы кешенін құру» инвестициялық жобасымен жұмыс жүргізуде.

 

Сонымен қатар, «Шайхова Г.К.» фермерлік шаруашылығы да  жұмыс жасауда.

 

«Артези»  ЖШС-і 2015-2016 жылдарға арналған «Минералды су өндіру және құю» инвестициялық жобасымен жұмыс жүргізуде. Жоба құны - 150,0 млн.теңге,  ашылатын жұмыс орны 15 адам.

 

Аудан бойынша 6 шаруа қожалығы: «Баянауыл-Агро», «Ынтымақ»,  «Нұрлан», «Баянсұлу», «Мадияр»  және «МТС Жайма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі егін  шаруашылығымен айналысады. Жалпы егіс алқабы 2750 гектарды құрады, оның ішіңде 80 бидай, 1100 арпа, 510 сұлы, бір жылдық шөп қөлемі 700 , көп жылдық шөп - 360 гектар.

 

Егін салған 6 шаруа қожалығына 7 664,0 мың теңге демеуқаржы төленді. 2015-2016 жылға қыстаққа, 371430 гектар жерден 124,3 мың  тонна шөп, 3500 тонн сүрлем, 1280 тонна жемазық дайындалды.

 

                 Жер қатынастары

 

Аудан бойынша жалпы жер телімі пайдаланушылар саны - 455                    (2014ж- 434).

 

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру үшін 2015 жылы 2 конкурс өткізіліп 47 жер телімі, 94 057 га жайылым, 1330 га егістік көлемінде ауылшаруашылығы мақсатына пайдалануға берілді.

 

Сонымен қоса аудан бойынша үстіміздегі жылы шалғайдағы мал шаруашылығы және жеке ауласын ұстау үшін барлығы  28 жер телімі, 22 326 га жер телімдері конкурстан тыс берілді.

 

Жер телімдерін пайдаланғаны үшін бюджетке түскен кіріс қаражат  көлемі – 39 млн.062 ,0мың теңге.

 

Автомобиль жолдары

 

Қазақстан Республикасы үкіметі резервінен ауданның автомобиль жолдарының су тасқыны салдарынан зардап шеккен учаскелерін  күрделі жондеу жұмыстарына 775 260,9 ( жеті жүз жетпіс бес милион екі жұз алпыс мың тоғыз жұз)  тенге  бөлініп,  754 291,1 (жеті жүз елу төрт миллион екі жүз тоөсан бір мың бір жүз) тенгесі игерілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Коммуналдық сала

 

Ауданның әлеуметтік нысандарында жалпы 40 қазандық жұмыс істеуде,  қысқы уақытта үзіліссіз жұмыс істеу үшін барлығында резервтік қазандықтар орнатылған. 

 

Майқайың кентінде 56 көпқабатты үйлер   және 87 заңды тұлғалардың мекемелері орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.   Майқайың кенті қазандығының екі  қазанның біреуі ДКВр-20/13  қазаны және резервтегі КЕ-25/14  қазаны жұмыс жасап тұр.  2015 жылы кенттегі аса қауіпті жылу жүйелерінің   1225 қума (погонный) метр құбырлардың жөндеу жұмыстары  «Инженерсети» ЖШС, «Тамыр» ЖШС, «Стальмонтаж» ЖШС,  «Серпіліс» МКМ  демеушілік көмегімен жүргізілді.  

 

Еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау

 

Елбасы Н.Ә. Назарбаевың «Қазақстан жаңа Жаhандық нақты ахуалда: Өсу, Реформалар, Даму» атты биылғы жолдауында  дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес бағытын атап көрсетті.

 

Бесінші    «Жаңа әлеуметтік саясат  бағытында экономикалық тәуекелдерге, жалпы, ештеңеге қарамастан біз халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырудамыз,- деп айтқан. Атаулы әлеуметтік қолдау тек мұқтаж  адамдарға, олардың нақты табыстары мен өмір сүру жағдайын бағамдау негізінде көрсетілетін болатынын, әрбір әлеуметтік төлем  - бұл жай ғана бюджетке ғана емес, әрбір жұмыс істейтін  қазақстандыққа қосымша салмақ. Бұл - солардың ақшасы, сондықтан әділеттілік бұрмаланбауы тиіс екенін басып айтты.

 

        2015 жылы 630 жаңа жұмыс орындарын ашу  жоспарланып, (оның ішінде  140 тұрақты және 490 уақытша және маусымдық жұмыс орындары),    648  жұмыс орны ашылды (оның ішінде 153   тұрақты және 495 уақытша және маусымдық жұмыс орындары).

 

Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тарту жоспар бойынша 300 адам орнына   312-ге орындалды,, игерілген қаржы  көлемі - 22 238,0 мың теңге.

 

            Ал, әлеуметтік жұмыс орындары 50 адам  жоспарланып  57 жұмыс орындары ашылды.

 

            Аз қамтамасыз етілген күн көріс деңгейі кедейшілік деңгейінен төмен 10 отбасындағы 44 адамға  935,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді.

 

            18 жасқа дейінгі балалары бар 163 отбасындағы 471 балаға, балалар жәрдем ақысы тағайындалып  7 778,0 мың теңге ақшалай көмек көрсетілді.

 

            Ұлттық жоба  «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» жоспарының 84 қадамын іске асыру шаралары бойынша  пилоттық режимде «Өрлеу» жобасын енгізу көзделінген. Осы  жобаға  аудан бюджетінен 1200,0 мың теңге қаржы бөлініп, 8 отбасымен (47 адам) әлеуметтік келісім шарт жасалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау үшін  2015 жылға  38163,0 мың теңге қаржы қарастырылып соның  35958,2 мың теңгесі игерілді. Осы бағдарлама бойынша Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне әр қайсысына 150,0 мың теңгеден қаржылай қолдау жасалып, тұрғын үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу  2 ардагерге 1млн. теңгеден қаржылай көмек көрсетіліп, тұрғын үйіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп  берілді.

 

        Тұрғын үй көмегі Майқайың кентінде көп қабатты  коммуналдық үйлерде тұратын тұрмысы төмен 52 отбасына тағайындалып  2400,0 мың теңге игерілді.

 

        Ауылдық жерлерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу үшін 1329 адамға 5543,8  мың теңге аудандық бюджет қаржысы есебінен төленді.

 

         Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін тоқсан сайын 6 АЕК көлемінде қаражат төленіп, жыл бойы 13 балаға 405,0 мың теңгенің материалдық көмегі жасалды.

 

  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік  бағдарламасы аясында

 

2015 жылы бірінші бағыт «инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» шеңберінде;

 

1.Майқайың №2 жалпы білім беру мектебінің есік, терезелерін ауыстыруға 25 млн. 617,0 мың теңге,

 

2.Торайғыр ауылдық дәрігерлік амбулаториясын жөндеуден өткізуге 1 млн. 578,0 мың теңге, 2 жоба жалпы сомасы жалпы сомасы 28 млн 773 мың теңге іске асырылып, 10 уақытша жұмыс орны ашылды.

 

Екінші бағыт «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» арқылы 20 адамға жалпы сомасы  51млн.8 мың теңге несие беріліп, жаңадан 33 жұмыс орны ашылды.

 

Үшінші бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»:

 

 21 адам кәсіптік оқытуды аяқтап, 21 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

 

Жастар тәжірибесіне 2015 жылға 15 адамға жалпы сомасы 3220,0 млн теңге қаржы бөлінді, жоспар бойынша 15 адам нақты жолданғаны 17 адам,  соңынан тұрақты жұмыспен қамтылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2015 жылға 3626,0 млн теңге бөлінді. Аталған жұмыстарға жоспар бойынша 20 адам, нақты жолданғаны 28 адам.

 

Жалпы 2015 жылы 562 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру:

 

Ауданымызда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді 7 балабақша, 2 мектеп балабақша оқу-тәрбие кешені, 16 шағын орталық жүзеге асырады.

 

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 3 жастан 6 жасқа дейін - 914 бала 100%, 1 жастан 6 жасқа дейін - 1658-сі немесе 90,8%-ды құрайды. Бұл облыстағы ең жоғарғы көрсеткіш.

 

Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында мектепке дейінгі білім берудің халықаралық және үздік отандық тәжірибесі қолданылады. 2015 жылғы облыстық сайыстың қорытындысы бойынша «Балапан» бала-бақшасы «Облыстың Үздік бала-бақша», Шөптікөл ЖОББМ-нің шағын орталығы «Облыстың Үздік шағын-орталығы» сайыстарының жеңімпазы аталды.

 

Орта білім беру:

 

Қазіргі кезде ауданымызда 32 мектеп жұмыс жасауда, оның ішінде 21 орта, 3 негізгі, 8 бастауыш мектептер. Осының ішінде 27-сі шағын жинақталған мектептер, ол 81,8% құрады.

 

Аудандағы білім беру ұйымдарын оңтайландыруға байланысты аудан орталығындағы Ш.Айманов атындағы қазақ гимназия-мектебі мен Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп-интернаты біріктіріліп, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты (гимназия сыныптарымен) деген атаумен іске қосылды.

 

Бағдарлама бойынша 2015 жылдан бастап 12-жылдық білім беру моделіне көшу жоспарланған. Биыл апробацияны республиканың 30 мектебі ішінде, облыстың 2 мектебі бар, оның біреуі –  №1 Майқайың ЖОББМ.

 

2014-2015 оқу жылында Ұлттық Бірыңғай тестетілеудегі көрсеткішті жақсарту мақсатында ауданда жүйелі жұмыстар жасалды. Қысқы және көктемгі демалыс кезінде Баянауыл мектеп-интернатының базасында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты  ғалымдарының дәріс оқуы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ҰБТ-ға дайындықта 10 бағыт бойынша жұмыс алға қойылды.

 

2015 жылғы Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің қорытындысы бойынша ауданның орташа ұпай бойынша 79,6 ұпайды құрады. Нәтижесінде ауданымыз аудандар арасында 2-ші орын, қалалар мен аудандар арасында 4-ші орынды иеленіп отыр. Ауданның орташа ұпайының динамикасы биыл 8,3 ұпайға артып отыр. Динамиканың өсуі бойынша ауданымыз аудандар мен қалалар арасында 1 орында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыстық білім беру басқармасының рейтингісі сәйкес М.Ж.Көпеев атындағы ЖОББМ 95,5 орташа ұпаймен ауыл мектептері арасында Павлодар облысы бойынша 1 орынды иеленіп отыр. Сонымен қатар, ҰБТ қорытындысы бойынша 4 «Алтын белгі» иегері, 2 ерекше үлгідегі аттестат иегері өз білімдерін дәлелдеді.

 

2016 жылдың 4-9 қаңтар аралығында 11 сынып түлектері үшін ҰБТ-ға дайындық бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушыларының дәрістері жалғастырылады.

 

Қазіргі кезде білім беру саласының негізгі көрсеткіші  - жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқу бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі. 2015-2016 оқу жылының 1-тоқсан қорытындысы бойынша аталмыш бағыттағы сапалық көрсеткіш 62℅ көрсетіп отыр (бағдарламада - 60℅ көрсеткіш ретінде қойылса, Павлодар облысы – 51,3℅).

 

  Білім беру саласындағы  жетістіктер:

 

–  2015 жылғы 29 қазанда өткен облыстық Президенттік олимпиадада №1 Майқайың ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы Алтынбекова Диана жақсы нәтиже көрсетті, Теміртау қаласында өткен Республикалық кезеңнің финалисті болды;

 

–  ауданның олимпиадылық командасы облыстық пән олимпиадасының қорытынсыды бойынша 6 жүлделі орынмен «Үздік аудандық команда» номинациясында жеңімпаз болды. Бірлік ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Жұмағали Қарлығаш С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетіне «Геогарфия мамандығы» бойынша грантқа ие болды;

 

– облыстық ғылыми жобалар сайысына 21 оқушы қатысып, 18 оқушы жүлделі орыннан көрінді. Баянауыл ауданы «Үздік аудандық команда» номинациясы ие болды. Ш.Айманов ат. мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Олжатаев Диас ПМПИ-дың «Химия» мамандығы бойныша ректор грантына ие болды.

 

Ресурстық орталық №2 Баянауыл ЖОББМ орналасқан, оған ауданның Егіндібұлақ, Сұлужон, Шөптікөл, Ақсан С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектептері магнитті мектептер болып бекітілді. Ресурстық орталық облыстық сайыста І орын алып, 2015 жылдың қарашасында Астана қаласында өткен Республикалық «Үздік ресурстық орталық» сайысында ІІ орынға ие болды.

 

Ыстық тамақ аудан бойынша 25 мектепте ұйымдастырылған. Ыстық тамақпен ауданның 98,7℅ оқушылары қамтылған. 2015 жылы жаппай біліммен қамту қорынан- 49 млн. 400 мың теңге қаражат бөлінген. Бұл облыс бойынша аудандар арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Егіндібұлақ, Шадыра, М.Ж.Көпеев атындағы мектептердің қазандықтарына күрделі жөндеу жұмыстары өткізіліп, Шөптікөл мектебіне жылы туалет орнатылды, қаржы көлемі  21 млн. 588 мың теңге.

 

Денсаулық сақтау

 

Ауданда 57 орынды аудандық аурухана, 30 орынды туберкулезге қарсы емдеу ауруханасы, 13 орынды Майқайың кентінің учаскелік ауруханасы,           3 ФАП, 6 ауылдық округте дәрігерлік амбулаториялар, аудан орталығында        1 емхана, 20 елді мекенде медициналық пункттер жұмыс істесе, оның 7 елді мекенінде медицина қызметкерлері ғимаратсыз жұмыс атқарады.

 

Аудан тұрғындарына  медициналық  көмекті 35 дәрігер көрсетеді, оның ішінде,  2015 жылы ауданға 3 дәрігер мамандар келді.

 

2015 жылы жалпы құны 5 млн. 640,0 мың теңгені құрайтын 3 жедел жәрдем автокөліктері Бірлік, Құндыкөл және Жаңажол ауылдарына берілді.

 

Сонымен қатар, бағасы 7 млн.900,0 мың теңгені құрайтын ультра дыбыс диагностика аппараты және 950,0 мың теңгеге биохимиялық анализатор сатылып алынды.

 

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында;

 

-қан айналымы аурулары – 7,1%, 

 

-туберкулез ауруы -  0,5%,

 

-қатерлі ісік өскіні аурулары – 6,2 % төмендеген.

 

Мәдениет

 

2015 жылы  мәдени мекемелер ұжымдары аудан халқына мәдени қызмет көрсетуді басты бағдар етіп, жылдың атаулы күндеріне орай әлеуметтік-маңызды көпшілік мәдени іс-шаралар, концерттік бағдарламалар өткізді.   Аудан  көркемөнерпаздар ұжымдары халықаралық, республикалық және өңірлік байқаулар мен фестивальдарға белсене қатысып жүлделі орындарға ие болды.

 

 Өткізілген мәдени шаралардың дені  Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық және  тарихи маңызы бар, өскелең ұрпақты Отан сүйгішітікке тәрбиелейтін Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдық мерекелеріне арналды. Бұл маңызды шараларға  барлық аудан жұртшылығы қатысып театрландырылған көріністер мен концерттік бағдарламалар қойылды.

 

 Аудан орталығында облыстық деңгейде «Қымызмұрындық» атап өтілді.

 

Көршілес облыстардың аудандарымен тәжірибе алмасу аясында Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы делегациясы өнер көрсетті. Осы мақсатта аудан өнерпаздары көршілес Ресей мемлекетінің Нобосібір облысы, Краснозерск ауданында  өнер  көрсетті.

 

Жастарымызды өнерлі аға-апаларымыздың шығармашылықтарымен таныстырып, үлгі ету мақсатында бірнеше шығармашылық кештер өткізілді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Баянауыл ауылында  Славян орталығы құрылды.

 

 Жерлесіміз кинорежиссер Ш.Аймановтың ескерткіші ашылды.

 

Жалпы 2015 жылы өткізілген мәдени шаралар саны-858,  келушілер -67856  адам.       

 

         Оқырмандар сұранысын қанағаттандыру мен әдебиеттерді насихаттауды мақсат еткен кітапханалардың кітап қоры 196762 дананы құрап, 12813  адамға кітапханалық қызмет көрсетілді.

 

Спорт

 

Ауданда бұқаралық спортпен шұғылданатындар саны 7672 адам немесе, жалпы аудан тұрғындары санының 28,4 пайызын құрайды.

 

2015 жылы спорт шеберіне үміткер нормативтерін 7 спортшы, І-ІІ-ІІІ разрядты спорттық нормативтерін 36 спортшы орындады.

 

2015 жылы аудан көлеміндегі спорттық іс-шараларды ұйымдастыру үшін аудандық бюджеттен барлығы 2940,0 мың теңге қаржы бөлініп толығымен игерілді. Аудандық деңгейде барлығы 70 спорттық іс-шаралар өткізіліп 3136 адам қатысты. Олимпиадалық спорт және ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылған спартакиадалар мен жарыстарға Майқайың кенті мен ауылдық округтердің құрама командалары өнерлерін көрсетті.

 

Қ. Сәтпаевқа арналған жасөспірімдер мен қыздар арасында қазақ күресінен және аудан әкімінің жүлдесіне  бокс спорт түрлерінен республикалық дәрежедегі спорттық шаралар өткізіліп барлығы 256 спортшы қатысты.

 

Облыстық спорттық іс-шараларға қатысу мен оқу-жаттығу дайындықтары. Облыстық жарыстарға қатысу үшін 1429,0 мың теңге қаржы бөлінді. 2015 жылы ерлер арасында қазақ күресінен облыстық спартакиаданың жалпы есебінде чемпионы атанды сонымен қатар облыстық спартакиадада Баянауыл ерлер волейбол командасы ІІ орынды, тоғызқұмалақ спорт түрінен аудан құрама командасы ІІ орынды иеленді.

 

Ішкі саясат

 

Ауданның ішкі саяси ахуалы жастар саясатын, гендерлік теңдік, қоғамдық бірлестіктер мен этномәдени орталықтарымен қарым-қатынас, діни ахуал және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дәстүрлі Жолдаулары мен Стратегиялық бағдарламаларын насихаттауға бағытталған.

 

Мемлекеттік ақпараттық саясат аудандық «Баянтау» газеті арқылы жүзеге асырылады, ол үшін аудандық бюджеттен 6,825 млн теңге бөлінді. Газеттің 2016 жылғы таралымы 2156 дананы құрайды.

 

Аудан бойынша 14 пен 29 жастағы жастар саны – 9028 мың адам, бұл аудан халқының 30 пайызын құрайды. Жастар саясатын қолдауды жүзеге асыру мақсатында ауданда 2015 жылдың қаңтар айынан «Жастар орталығы» жұмыс атқаруда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жыл басынан жастар орталығының ұйымдастыруымен 63 іс-шара өткізілді. Сонымен қатар,«Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша 50 адам жұмысқа тартылды.

 

Жас мамандарды ынталандыру мақсатында әр сала бойынша Баянауыл ауданы әкімінің «Жалын» жастар сыйлығымен бір топ үздік жас мамандар марапатталды.  

 

Ауданда діни экстремизм мен тоталитарлық секталардың таралуын алдын алу бойынша«Имандылық орталығы» жұмыс жасап отыр. Орталықпен 73 шара өткізіліп, оған барлығы 9300 адам қамтылды.

 

Туризм

 

Баянауыл ауданында  мемлекеттік ұлттық  мемлекеттік табиғи паркі  туризмді дамыту саласында көптеген жұмыстар атқаруда.

 

2015 жылы  Жасыбай  демалыс аймағына  барлығы  -1 19 мың 495 адам келіп  демалған, 2014 жылы осы  көрсеткіш  134 мың 600 адамды немесе  2014 жылмен  салыстырғанда 89 пайызды  құрады.

 

Биылғы жылы демалушылар санының азайыуына  қолайсыз ауа райының, яғни  жауын шашынның  әсері тиді.

 

Демалушыларды   табиғатымен қоса киелі жерлерімен таныстыру  11 туристік маршрут  бойынша жүргізілді.

 

Ол маршруттар : Жасыбай демалыс орнынан  Қоңыр әулие үңгрі, Сайман тас, Жасыбай батырдың зираты, Кемпір тас, С.Торайғыров кесенесіне бару жолдарын қамтиды.

 

Маршруттар саны  өткен жылғымен салыстырғанда кеміген жоқ.

 

Алдағы  2016-2017 жылдары  Баянауыл- Қалмақ қырған, Баянауыл- Жаяу Мұса  мен  Баянауыл -Бұхар жырау кесенелеріне баруды  туристік маршрутқа қосу жоспарлануда.

 

Жеке кәсіпкер Әбиев Қайыржан 50 адамға арналған шатырлы қалашық  тұрғызса,  биылғы жылы жеке кәсіпкер Байдильдин Сайлау арнайы бөлінген 0,40 га жерге 7 кигіз үйден тұратын  70 адамға арналған этно ауыл тұрғызып Жасыбай демалыс аймағына келген демалушыларға  қызмет көрсетті,

 

Осымен қатар,  «Жаңа Баян» және «Жұлдыз» ЖШС –тері  өз қаржыларына  демалушыларға жыл бойы  қызмет көрсететін демалыс орындарын  2015 жылы салуды бастап 2017 жылы аяқтап іске қосуды  жоспарлап отыр.

 

«Жаңа –Баян» ЖШС-і басшысы Нуриев Рамиз Русланұлы  Жасыбай демалыс аумағында  жыл бойы бір мезетте  200 адамды қабылдауға арналған  қос қабатты  20 қонақ үйлерін арнайы бөлінген 3 га жерге салуды бастады және   демалушыларға аттар мен велосипедпен серуендеумен   қатар экскурсиялық қызмет ұсынбақшы.

 

Сонымен бірге, түріктік және финдік  моншалармен бассейн салып демалушыларға жоғары деңгейдегі   қызмет түрлерін ұсынуды жоспарлауда. Құрылыстың  жалпы құны  1 млрд. теңге. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жұлдыз» ЖШС-гі  (басшысы  Вальтер Константин Велиевич)  2015 жылы Жасыбай демалыс аймағында ағаштан 8 қос қабатты котедж  және 4 қабатты 130 орындық  қонақ үйін, 3 монша саунасымен  салуда, бұдан басқа жазғы кафе, қыс мезгілінде коньки мен шаңғы тебу, жазғы уақытта адамдарға шомылуға арналған  құрал жабдықтармен қамтамасыз ету қызметін көрсетуді жоспарлауда. Құрылыстың  жалпы құны - 1 млрд. теңге

 

Баянауыл ауданында туризмді дамыту қабылданған іс шаралар бойынша жүзеге асырылып, туындап отырған күрделі мәселелер шешімін тауып өңіріміздің эко номикалық - әлеуметтік  дамуына зор үлесін қосады  деген сенімдеміз.

 

Қоғамдық қауыпсіздік

 

Ауданда құқықтық тәртіпті жетілдіру және қажетті өмір қауіпіздігі деңгейін қолдау, азаматтардың қыұқығы мен бостандығы сияқты атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан тіркелген қылмыстар саны артуда.

 

2015 жылдың 11 айы қорытындысы бойынша қылмыстық іс жүргузідің жаңа моделі шарттары бойынша барлығы 240 қылмыстық құық бұзушылық тіркелген, былтырғы жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда бұл 15,4%  жоғары (2014-208). Оның ішінде құқықбұзушылық – 201, қылмыстық тәртіпсіздік -39.

 

2015 жылдың 11 айы бойынша барлығы 2177 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, бұл 2,3% төмен былтырғы жылғы сәйкес мезгілімен салыстырғанда (2014-2229).

 

  Оның ішінде жол қауіпсіздігі бойынша – 1000 (2014-1078), қоғамдық тәртіп сақтау бойынша – 1177 (2014-1151).

 

Жол ережесін сақтау бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын жетілдіру бойынша шаралар қолданылды, Бірлік ауылы маңындағы қауіпті жол бөлігінде жол-көлік апаты салдарының кейінгі күйінде автокөлік тұғыры орнатылды. одан басқа Баянауыл ауылына кіреберіс жолда жылдамдық өлшеу құралының нақпішіні орнатылды.

 

 

 

 

Қадірлі ағайын, ардақты жерлестер!

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Тәуелсіздік жылдары ішінде біз әлемдік аренада Қазақстан деген мықты мемлекет тұрғыздық.

 

Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен асқан ұлы мұрат жоқ. Болмақ та емес. Биыл Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлағалы отырмыз. Тәуелсіздіктің арқасында елдің кеудесі қайта көтерілді. Рухы қайта шалқыды

 

Аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасқан әлеуетті елге айналдық. Ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері қара шаңырақ аясына топтасты. Еуразияның жүрегіне орналасқан Астанамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды.

 

Осының бәріне, осынау жылдар ішінде Сіздер зор үлес қостыңыздар! Тәуелсіздікке қол жеткізіп, оны келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру үлкен бақыт.

 

Алдымызда Еліміз әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс деген мақсат тұр.

 

Бұл мақсаттың аясында ел дамуының ажырамас бір бөлшегі ретінде Баянауыл ауданының да алдында тұрған міндеттері анық, болашағы айқын.

 

 

 

 

Құрметті қауым! Өткен 2015 жылы атқарған игі шаралар биылғы жылы да жалғасын табады, әрбір іске жаңа серпін, жаңа көзқараспен қарай  отырып, жаңа биіктерді бірге  бағындырайық.

 

Алдымызда тұрған міндеттерді абыроймен орындап, ауданымыздың экономикасын, әл-қуатын көтеруге сіз бен біз бар күш-жігерімізді, тәжірибемізді пайдаланып, аянбай қызмет жасауымыз қажет деп білемін.

 

Баянауыл  жұртшылығы осынау міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін.

 

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, мол бақыт     тілеймін, ауданымыздың өркендеу жолындағы атқарылар жұмысымыз сәтті болғай!

 

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес  Баянауыл ауданы жергілікті атқарушы билігі ауданымыздың экономикасының дамуына және тұрғындардың әл-ауқатын көтеру мақсатында жүргізіп отырған іс-шаралары жалғасын таба береді!

 

 

 

 

Тыңдағандарыңызға рахмет.

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы