Баянауыл ауданының әкімі

2016 жылдың І тоқсанында ауданның барлық деңгейдегі әкімдерінің тұрғындар алдында есептері барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы

2016 жылдың І тоқсанында ауданның барлық деңгейдегі әкімдерінің тұрғындар алдында есептері барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді  іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы

 

         Қазақстан   Республикасының   2001  жылғы   23    қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 190 Жарлығына сәйкес және 2016 жылдың І тоқсанында ауданның барлық деңгейдегі әкімдерінің ауылдық округтер мен Майқайың кенті жұртшылығымен өткізген есептік кездесулерінде айтылған сұрақтар мен ұсыныстарды орындау мақсатында Баянауыл ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

  1. 2016 жылғы І тоқсанда Баянауыл ауданының әкімі Н.М. Күлжанның тұрғындар алдында есептері барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы қаулының 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

 

  1. 2016 жылғы І тоқсанда ауылдық округтер мен Майқайың кенті әкімдерінің тұрғындар алдында есептері барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы қаулының 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

 

  1. Аудан әкімінің орынбасарлары (А.А. Бельгубаев, Б.К. Тогжигитова) мен аппарат басшысы (К.К. Абылгазин) жетекшілік ететін салалар бойынша іс-шаралар жоспарының өз уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.

 

  1. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімі (А.А. Аманжолов) іс-шаралар жоспарының  орындалу  мониторингін  жүргізсін.

 

  1. Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ауылдық округтер мен Майқайың кентінің әкімдері және жауапты мекеме басшылары аудан әкімінің кеңейтілгенжоспарлы мәжілістерінде тоқсан сайын есеп беріп отырсын.

 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

                   Аудан  әкімі                                            Н. Күлжан

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы