Баянауыл ауданының әкімі

«Көлік құралын алкогольдік масаю күйінде жүргізгені үшін қоғамдық жұмыс тағайындалды»

Баянауыл аудандық сотымен ҚР ҚК 346 бабының 1 бөлімі бойынша көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік күйдегі адамның көлік құралын басқаруы/ қылмыстық теріс қылық жасағаны бойынша қылмыстық ісі қаралды.

       Азамат К. алкогольдік ішімдік ішіп, көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын біле тұра алкогольдік масаю күйінде автокөлікті басқаруға отырған. К. полиция қызметкерлерімен тоқтатылған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес,  К. орташа дәрежедегі алкогольдік масаю күйінде болған.

       Сот отырысында сотталушы К.  кінәсін толық мойындады.

       Сот үкімімен К.  қылмыстық теріс қылықты жасауда кінәлі деп танылып , 3 жыл мерзімге автокөлік жүргізу құқықығынан айыру жазасы мен 120 сағат қоғамдық жұмыстар тағайындалды. 

        Үкім заңды күшіне енді.

 

Баянауыл аудандық

 сотының баспасөз қызметі.

 

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы