Баянауыл ауданының әкімі

Сәтбаев ауылдық округі

2015-2016 оқу жылында округ бойынша 2 орта мектеп,  1 балабақша,1 мектеп жанындағы шағын орталық, мәдениет үйі және екі ауылдық клуб, екі денсаулық сақтау мекемесі, 3 кітапхана, 1 мешіт және 9 дүкені жұмыс істейді. 41 шаруа қожалығы, 1 ЖШС бар. Ауыл тұрғындары және шалғайда жатқан шаруа қожалықтары  мал азығын жем, шөп дайындап жатыр.

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетілді. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру.

Қазақстан Республикасының «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жұмыс жүргізілуде.

Ауылдық округ бойынша бос жұмыс орындарына жұмыспен қамту орталығы тіркемесінде тұрғандар тартылады. Былтырғы жылы кесте бойынша 17 адам қоғамдық жұмысқа алынды. Биыл жыл басынан 5 адам жұмысқа алынды. Жыл басынан «Жұмыспен қамыту -2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде округ бойынша 4 азамат тегін трактарист, 1 азаматша аспазшы оқуында тегін оқып жатыр.

Ауылдық округі бойынша  санитарлық жұмыстары жүргізілуде.

Округте Қараащы, Теңдік ауылдарында телефон байланысы жақсы жолға қойылған. Қараащы, Теңдік ауылдарында «Веlleine» ұялы байланыс қондырғысы жұмыс жасап тұр. «Отау ТВ» ұлттық спутниктік қондырғылары орнатылған. Ауыл тұрғындары интернет желісіне қосылып жатыр.

Биылғы жылы атқарылатын жұмыстар: Қараащы және Теңдік ауылдарының кіреберіс автокөлік жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау, жаз айында мал бағуды ұйымдастыру, үш елді мекенде тазалық жұмыстарын ұйымдастыру, Қараащы және Теңдік ауылдарында су ағыны келетін жағындағы бөгетті нығайтып, биіктету жұмыстарын ұйымдастыру. Қараащы ауылы және Теңдік ауылының кіреберіс автожолдары өткен жылғы күрделі жөндеуден кейін, асфальт төсеу жұмыстары басталды.

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы