Баянауыл ауданының әкімі

Күркелі ауылдық округі

«Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Тіркелген 23.05.1997 жылы, мемлекеттік тіркеу  № 103-1945-04- ГУ

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы,140307, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Күркелі ауылы

Телефон: 9-06-13, факс. 93-4-01

Қабылдау күндері: сәрсенбі (апта сайын)

Төлеутаев Дүйсенбек Байронұлы -  2013 жылдың 08 тамызынан бастап Күркелі ауылдық округінің әкімі

1971 жылдың 09 мамыр айында Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Жаңажол ауылында туған.

Білімі – жоғары, 1992 жылы Павлодар педагогикалық институтын, «Дене тәрбиесі мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша магистратураны ИнЕУ-де бітірді.

Академиялық дәрежесі Экономика және бизнес Магистрі (Менеджмент)

Институтты бітіргеннен кейін 1992 жылдан бастап 14 жыл бойы Баянауыл ауданы Жаңажол ауылындағы М.Ж. Көпеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде дене тәрбиесі мұғалімі болып жұмыс істеді.

2006 - 2013 жылдар аралығында Баянауыл ауданы Жуантөбе ауылындағы Ж. Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің директоры болып істеді.

Үйленген, бір баласы бар.

Қазіргі уақытта Күркелі ауылдық округінің әкімі.

Ауылдық округінің әкімі өзінің қызметін 2015 жылғы қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын қолданады. Ауыл әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жүргізеді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады, жеке азаматтармен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын орындалуына жәрдемдеседі, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі, әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына еңгізеді.

Күркелі ауылдық округінің жері 161681 га құрайды. Аумағында бес елді мекен орналасқан – Күркелі, Большевик, Жарылғап, Қойтас, Желтау ауылдары. Жалпы халық саны – 1097 адам құрайды. Округте жалпы білім беру орта мектебі – 1, шағын балабақша – 1, бастауыш мектептер – 2, фельдшерлік-акушерлік пункт – 1, дәрігерлік пункт – 3, мәдениет үйі – 1, ауыл кітапханалары – 4, байланыс бөлімшесі – 1, шағын футбол алаңы – 1, шаштараз – 1, жеке кәсіпкерлер – 10, оның – 2 жолаушылар тасымалдайды, 6 – сауда-саттықпен айналысады, 1 – ауыз су құбырының жұмысын жүргізеді, 1- тұрғындардарға ауыз су тасымалдайды. Округте 1 – шағын наубайхана жұмыс істейді, 1- су жіберуші мұнара, 11- су жүргізетін құбыр жұмыс істейді және 1 мешіт бар.

2015 жылы Күркелі ауылы оптикалық-талшықты волоконды интернет жүйесімен қамтылды.

2016 жылы «Жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша қаражат бөлініу арқылы Күркелі аулында балаларға арналған ойын алаңы мен демалыс орны салынады.

2017 жылы Күркелі ауылдық округінде жаңа медпункт салынады, салынатын орыны белгіленіп, құжаттары рәсімделуде.

Округтің негізгі айналысатын шаруашылығы ол мал шаруашылығы. Округте Жалпы ірі қараның саны – 6854 бас; қой, ешкі – 14631 бас; жылқы – 3229 бас; құстар – 2151 бас құрайды.

Округте - 70 жеке шаруа қожалығы бар. Асыл тұқымды  ірі қара малды өсірумен бірнеше шаруа қожалықтары айналысып жатыр, соның бірі үлкен «Әнет» шаруа қожалығы 500 ге тарта қазақтың ақ бас ірі қарасын өсіреді. Асыл тұқымды жылқы өсірумен «Жаңа талап» ШҚ және «Әнет» ШҚ-да айналысады.

 

 

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы