Баянауыл ауданының әкімі

«Менің болашаққа бағдарым...»

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында  «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» деп айтқан болатын.

Мақала аясында «Менің болашаққа бағдарым» атты сынып сағаты 9- сыныптар арасында өткізілді. Бүгінгі таңда ел іргесі бекіп, экономикамыз тұрақтап, бейбіт қоғамда өмір сүріп жатқан біз үшін басты парыз, нақты мақсат – ұлтын сүйіп, оның бай мәдениетін ардақтай білетін жаңа буын қалыптастыру. Сол мақсатта еңбек жолдарында аянбай тер төгіп, бүгінгі күнде белгілі бір  табысқа жетіп, жеке кәсіптерін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер Боранбаева Марал Серікқызы, Алпысбаева Гаухар Елубайқызы, Кокумбаева Гульмира Олжатайқызы және «Мектепке тағзым» науқанына қатысқан  мектебіміздің түлегі, жас ақын, аудандық «Баянтау» газетінің журналисі  Еламан  Хасенұлымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында,  кәсіпкерлер  табысты болудың жолдары – тек білім мен еңбектің арқасында жүзеге асатындығын айтып, ой- пікірлерімен бөлісті. Еламан Хасенұлы жасөспірімдерге өзінің туындысымен бөлісіп, жыр - шумақ оқыды.

Табысты адамдар және мектебіміздің түлегімен кездесу фотосуретке түсумен және ізгі ниет білдірумен аяқталды.

 

 

 

 

Ш.Айманов атындағы мектеп- интернатының

тарих пәнінің мұғалімі

Омаров Ерғанат Бағдатұлы

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы