Баянауыл ауданының әкімі

Берекелі Алтын күз!

«Берекелі, мерекелі алтын  күз» атты мектеп оқушылары арасында мерекелік  іс-шара  өтті. Мектеп оқушылары екі топқа бөлінді, бастауыш сынып  оқушылары  (1-4 сынып), орта сынып оқушылары (5-7 сынып).

    Мерекеге жауапты сыныптар: бастауыш бойынша  4-сынып, жетекшісі Ш.С.Сангожина, орта  буында 7-сынып,  жетекшісі Қ.Н.Манапова, іс-шараны қызықты етіп өткізді. Жауапты сыныптың оқушылары іс-шараға ерекше жауапкершілікпен дайындалған. Мерекеге сай  киген киімдері де, күз туралы өлеңдері, әндері, билері ертеңгіліктің сәнін келтірді. Әсіресе  4 «ә» сыныптың «Қырманға кел, қалқатай», «Күзгі жапырақтар» және 5-7 сыныптың билері  көрермендердің көңілінен шықты. Оқушылар  нанның дастарханға қандай қиындықпен келетінін «Егінші мен қасқыр» ертегісін қойылым қою арқылы жеткізді. Бастауыш сыныптың ата-аналары да белсенділік  танытып, «Күз байлығы» көкеністер мен жемістерден жасалған қолөнер көрмесін ұйымдастырса, 5-7 сыныптың өз қолымен табиғи материалдардан жасаған заттары мен ойыншықтары барлығын тамсандырды.  Екі кезеңде де өткен ойындарға оқушылар белсене қатысты. Барлық сайыстар өз деңгейлерінде өткізілді. Сонымен қатар  әділқазыларымыз мәресіне жеткен сайысымызды қорытындылай келе, белсенділігімен көзге түскен топтарды марапаттады.       

Бастауыш сынып арасында қолөнерден  «Ең үздік» 2-сынып, «Ең тапқыр»  4 «ә» сынып ,  «Жас шеберлер» 4 «б» сынып,  «Ізденімпаз» 3-сынып, орта буында  «Бишілер» 5-сынып, «Жас шеберлер» 6-сынып,  «Тапқырлар» 7- сынып номинацияларын  жеңіп алды. Кеш көпшіліктің ризашылық білдіру  лебізімен аяқталды.

 

 

 

 

 

З.Х.Батабаева

Бірлік ЖОББМ

 

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы