Баянауыл ауданының әкімі

Кездесу кеші

Қазан айының 17-ші жұлдызында Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің кітапханасында әсерлі, тәрбиелік мәні зор кеш өтті. Бұл шараны мектеп кітапханашысы Ж.К.Бекмаганбетова мен  аудандық кітапхананың көз көрмейтін және нашар көретін басқа да мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс жасайтын кітапханашысы Р.М.Тоқанова ұйымдастырды.

Кешке осы мектептің түлегі, Баянауыл өңірінен шыққан Мәди Бөкенұлы Сыздықов шақырылды. Кездесудің мақсаты, Мәди Сыздыковтың «Жыр толғаулары», «Через свет и через тьму» т.б өлеңдер жинақтарын оқушыларға таныстырып, насихаттау. Кездесуге қатысқан мектебіміздің

9-сынып оқушылары Мәди Бөкенұлына өздерінің сұрақ сауалдарын қойып, сұхбаттасып, жылы лебіздерін білдіріп, Мәдидің жазған көп деген өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Мәди гитарада «Мектебім», «Павлодар» т.б өз әндерін орындап берді.

Кеш сонында Мәди Бөкенұлы мектеп оқушылары мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Болашақта тағы да жаңа өлеңдер жинағы жарық көретіні жайлы айтып, оқушыларға  өзінің тілегін білдірді.

 

З.Ақышев мектебінің кітапханашысы

Ж.К.Бекмаганбетова

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы