Баянауыл ауданының әкімі

Әсерлі демалыс

Қыркүйек айының 15-ші жұлдызынан бастап қазан айының 6-шы жұлдызына дейін Алматы  қаласының «Бөбек» ұлттық ғылыми – практикалық, білім  беру  және сауықтыру орталығы «Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешенінде болып, сол жерден зор әсермен қайттым. Ол жерде күнде әртүрлі іс – шаралар өтіп тұрды, мен әр өткен іс-шараларға ат салыстым, өз өнерімді көрсеттім.

«Салауатты өмір салты» атты 10-ауысымда өткізілген «SUPER STAR BOBEK»атты ән байқауына қатысып  II орынға ие болдым.

«Бөбек» сауықтыру орталығындағы балалар арасында өткен «Хабар» ұлттық арнасының ұйымдастыруымен ‘Zhas’ шоу Шымкент қыздары атты бейне клипте басты рөлде ойнадым.

        «Бөбекке-20 жыл» атты концертке қатыстым. «Ғылым Ордасына» саяхат жасадық және мұражайларды аралап үлкен әсер алып қайттым. Мені Алматыға «Бөбек» сауықтыру орталығына жіберген Баянауыл ауданының Білім бөліміне және мектеп ұстаздарына алғысымды білдіремін.

 

Амантай Аружан

 З.Ақышев атындағы ЖББОМ

4 «Ә» сынып оқушысы

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы