Баянауыл ауданының әкімі

Төтенше жағдайдың алдын алу

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының педагог ұйымдастырушы Сарбасова Жанаргүл Шамкенқызы 6 сынып оқушыларымен аудандық өртке қарсы бекетіне саяхат сабағын  өткізді.

Баянауыл ауданы төтенше жағдай департаментінің жедел құтқару бөлімінің бас құтқарушысы Джанкулов Сайт Бектаевичтің «Төтенше жағдайдың алдын алу» тақырыбында оқушыларды  қауіпсіздік ережелерімен және құрал жабдықтарымен таныстырды. 

Саяхат барысында оқушыларға ауызша ережелермен таныстырумен қатар, практикалық  жұмыстар жасалынды. Өрт сөндіруші машиналарға қалай жұмыс жасалуын көрсетілді, оқушыларға түтінен қорғану бет маскасын қалай жылдам және тез киілетінің көрсетті. Осындай іс-шаралардың оқушыларға беретін тәрбиенін мәні өте зор.

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының

директордың тәрбие жөніндегі орынбасары

Саликова Елмира Мергенбайқызы

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы