Баянауыл ауданының әкімі

«Қарты бар ел, қазыналы ел» атты қамқорлық акциясы

Даналықтың алтын кілті – ата – бабаларымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз.

Акцияның мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.

         Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне, өз үлестерін қосқан осы ардақты да,  аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Қариялар – ақылды дариялар.Біз оларды құрметтеуіміз керек. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына деп білеміз.     

         Сол себептен, Ә.Марғұлан атындағы ЖББ орта мектебінде «Қарты бар ел, қазыналы ел» атты  қамқорлық акциясы өткізілді. 5-10 сынып аралығындағы оқушылар, сынып жетекшілерімен бірге ауылымыздың қарт адамдарынабарып, тұрмыстық - әлеуметтік көмек көрсетті.

         Қарттарым жүректерің неткен дархан,

         Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

         Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

         Оқитын келешекте бір-бір дастан.

         Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

         Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

         Тербедің көктем бағын самал болып

         Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен, -  деп асыл қазынамыз, арқа сүйер тірегіміз болып аман - есен жүре беріңіздер!

 

 

Құндыкөл ауылы,

Ә.Марғұлан атындағы ЖББОМ

Әлеуметтік ұстаз, А.Т.Ивашева

 

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы