Баянауыл ауданының әкімі

Қазақстан Республикасының «Бір ел – бір кітап» акциясы

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.

         Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыны оқу және насихаттау, рухани мұрамызды сақтау. Оқушыларды, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуға мүмкіндік береді.

         «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы комиссия мүшелерінің шешімімен «Жыл кітабы – 2017» таңдауына Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылды. Қазақ поэзиясының биігіне өрмелеп шыққан ақын ол – Сұлтанмахмұт Торайғыров. Абайдан кейінгі ұлы ақындардың бірі. Ұлт үшін күрескен қайраткер.

         Сол себептен, Ә.Марғұлан атындағы ЖББ орта мектебінде «Бір ел – бір кітап» республикалық акция шеңберінде ақындардың сұлтаны  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған 10-сынып оқушыларының қатысуымен поэзия сағаты өткізілді. Жетекші қазақ тілі/қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Букирова Гүлнәз Серікқызы. 7-11 сынып аралығындағы оқушылар және мектебіміздің ұстаздары қатысты.  

         Қай кезді алып қарасаң да, қоғамның қозғаушы күші жастар болып табылады. Сұлтанмахмұт жастық жігерімен, патриоттық жырларымен жастарға үлгі болып келеді. Өлеңдерінде жастарды оқу - білімге шақырады. Демек, бүгін де, болашақта да елеулі өзгерістердің орын алуы – жастардың қолында.

         Оқырман  ұрпақ – Қазақстанның болашағы.

 

 

 

Құндыкөл ауылы

Ә.Марғұлан атындағы ЖББОМ

Әлеуметтік ұстаз, А.Т.Ивашева

 

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы