Баянауыл ауданының әкімі

Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру

«Рухани  жаңғыру» бағдарламасы аясында 1-11-сыныптар аралығында «Менің болашаққа бағдарым»атты тақырыпта бірыңғай сынып сағаттары болды. Бастауыш сыныптарда «Асық games»   қазақтың ұлттық ойыны сайыс түрінде жүргізілді. Оқушыларға асық ойындарының түрлері таныстырылды, және де топ-топқа бөлініп «Ханталапай», «Бес асық», «Асық ату» ойындарын ойнатып, жеңімпаздар марапатталды.

Оқушылар бойына ұлтына деген сүйіспеншілік қалыптастыру мақсатында 3-4-сынып оқушылары арасында «Шеңбер», «Омпы», «Хан ату» асық ойындарының шығу тарихы  және қазақтың ұлттық ойындарының адам денсаулығына, санасына пайдасы жөнінде ғылыми жоба  сайысын өткізді. Оқушылар жан-жақты ізденіп, бұл шараға белсенді қатысты.

Шәкірттеріміз бұл шарадан рухани, мәдени мол азық алды деген сенімдеміз.Сонымен қатар,5-8-сынып оқушыларына технология пән мұғалімі  Батенова Меруерт Тұрсынқызы «Достық шеберханасы» атты қолданбалы-қолөнер бойынша  бірыңғай сабақ жүргізді.

Оқушылар ұлттық нақышта бұйымдар жасаса, 8-сынып оқушылары интербелсенді тақтада әр елдің қолөнер бұйымдарының шығу тарихымен таныстырды. Мектебімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көрме құрылды. Мұнда оқушылардың  қолөнер бұйымдары қойылды. Кәсіпке бағыт-бағдар беру мақсатында 9-11-сынып аралығында «Мектепке тағзым»акциясына белсенділік көрсеткен түлектерімізді және ауданымыздың беделді құрметті азаматтарына арналған кездесу кеші ұйымдастырылды.

Бұл кездесуге  ауданымыздың құрметті, ер жүрек азаматы  Мұрат Нұрсейітов, акция аясында мектепке көмек көрсеткен азаматтар: Абай Алдабергенов, Кокумбаев Нұрбол,Мәди Есмакаев болды.

Келген қонақтарымыз оқушылардың мамандық таңдауына бағыт –бағдар көрсетіп,өздерінің ақылдарын айтып, мектептегі  бастарынан өткен қызықты оқиғаларды айтып, кеш соңы ән мен жырға ұласты. Әлі де келешекте оқушылардың рухани дамып, бәсекеге қабілетті болуы үшін осындай шаралар жалғасын табады деп жоспарланып отыр.

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Л.Т.Абишева

Зейтін Ақышев атындағы

жалпы білім беретін орта мектебі

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы