Баянауыл ауданының әкімі

Мемлекеттік мекемесі туралы

“Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі
міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің миссиясы – Баянауыл ауданының аумағында мемлекетік саясатты өткізу бойынша Баянауыл ауданы әкімінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
  2. “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің мақсаты Баянауыл ауданының аумағында Баянауыл ауданы әкімімен мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.
  3. “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Баянауыл ауданы әкімінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
  4. Міндеттері:

1) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың, экономикалық дамытудың, қазақстандық патриотизмнің конституциялық қағидаттарын іске асыруға, өңірдің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешуге ықпал жасау;

2) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарларын өңдеуге, Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудың тетіктері мен тәсілдерін жетілдіруге қатысу;

3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара әрекет жасау;

4) ауданың басқару сызбасына сәйкес аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру болып табылады.

  1. Функциялары:

1) аудан әкімінің аудандық мәслихат депутаттарымен өзара әрекетін қамтамасыз етеді;

2) аудандық бағдарламаларды, іс-шараларды дайындауға қатысады және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

3) құпиялылық режимді сақтауды қамтамасыз етеді, аудан әкімімен тағайындалатын қызметкерлермен және басқа да лауазымды тұлғаларға құпиялы құжаттарға рұқсат беруге материалдарды ресімдейді;

4) аудан әкімінің, оған және аудан әкімдігіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік және консультативтік-кеңестік органдармен өзара іс-әрекет жасауды қамтамасыз етеді;

5) аудан әкімі үшін өңірлік саясаттың стратегиясы, ауданның атқарушысы органдарының конструктивті біріккен жұмыс, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен және ауданның өкілетті органымен (мәслихат) өзара іс-әрекет жасау жөніндегі болжамды және ұсыныс жасауды жүзеге асырады;

6) аудан әкімінің ауылдық округтер әкімдерімен өзара іс-әрекетін қамтамасыз етеді;

7) аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларының барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың сөзсіз және толық орындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың актілерінің қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады;

8) құқықтық актілер мен тапсырмалардың орындалмау себептері мен жағдайларын анықтайды, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды, тиісті лауазымды тұлғалардан, қажет болған жағдайда ауызша және жазбаша түсіндірмесін талап етеді;

9) аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

10) ішкі саяси ахуалға, ауданның мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғалардың жұмысына талдау жүргізеді, саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамытуды болжайды, қоғамдық маңызды проблемалар бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

11) ақпараттарды жинауды, өңдеуді жүзеге асырады және аудан әкімінің ішкі саясат мәселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз етеді;

12) аудан әкімінің аудан әкімдігінің сайты және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыс орнатуын және тұрақты дамытуын қамтамасыз етеді, аудан әкімдігі мен әкімінің қабылдаған актілерін түсіндіруге қатысады;

13) аудан әкімінің кадрлар саясаты және мемлекеттік қызмет саласындағы қызметін қамтамасыз етеді;

14) кадрлар жұмысы мен мемлекеттік қызметтің жай-күйін, кадрлар резервін қалыптастыруды, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби даярлығының деңгейін талдайды;

15) лауазымға тағайындау және лауазымнан босату кезінде материалдарды ресімдейді, аудан әкімімен тағайындалатын және келісілетін лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметті өткеруімен байланысты өзге де мәселелерді шешеді, олардың жеке істерін жүргізеді;

16) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін кәсіби қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

17) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін аттестаттаудан өткізеді;

18) өңір азаматтарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен, Құрмет грамоталарымен наградтауға, құрметті атақтарды беруге, Баянауыл ауданы әкімінің мадақтауларымен құттықтауға байланысты ұсыныстар дайындайды;

19) мемлекеттік қызметшілерге олардың құқықтық жағдайларының мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

20) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстарды өткізуді ұйымдастырады;

21) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарды әзірлейді;

22) аудан әкімі аппаратындағы азаматтық қызметкерлермен және техникалық персоналмен еңбек шарттарын ресімдейді;

23) аудан әкімі қызметінің құжаттамалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

24) аудан әкімдігі мен әкімінің актілерін тіркеуді жүргізеді, аудан әкімі аппаратындағы іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастырады;

25) аудан әкімдігі мен әкімінің актілерін, аудан әкімімен және әкімдігімен құрылатын консультативтік-кеңестік органдардың құжаттарын жариялауды, тиісінше ресімдеуді және таратуды қамтамасыз етеді;

26) аудан әкімдігі мен әкімімен шығарылатын құқықтық, нормативтік құқықтық актілердің түпнұсқаларын ресімдеуді, шығаруды және сақтауды қамтамасыз етеді;

27) стенограммаларды, мәжілістер мен кеңестердің хаттамаларын тиісінше ресімдеу мен сақтауды жүзеге асырады;

28) азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады, жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштерін есепке алуды жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерімен жұмыс туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтауды қамтамасыз етеді;

29) құжат айналымына, соның ішінде аудан әкімінің мекенжайына келіп түсетін хат-хабарларға талдау жүргізеді;

30) құрылымдық бөлімшелердің индекстерін және аудан әкімі аппаратының жиынтық іс номенклатурасын жасайды;

31) мұрағатқа тапсыруға жататын істерді дұрыс қалыптастыруға, ресімдеуге және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;

32) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді енгізуді қамтамасыз етеді;

33) аудан әкімдігі мен әкімі қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

34) аудан әкіміне азаматтар мен ұйымдарды құқықтық қорғаудың тиімді мемлекеттік тетігін қалыптастырудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;

35) заң мен құқық тәртібін нығайту, аудан әкімінің норма түзушілік тетігін жетілдіру жөніндегі шараларды қабылдайды;

36) аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерге құқықтық сараптаманы жүзеге асырады, аудан әкімдігі мен әкімінің актілер жобаларын әзірлеуге қатысады;

37) қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерінде аудан әкімінің құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасауын қамтамасыз етеді;

38) наразылық-талап жұмысы, прокурорлық ден қою актілерімен жұмысты ұйымдастыру және атқарады;

39) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;

40) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі осы Ережемен көзделген өкілеттікті іске асыру үшін мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттар мен басқа материалдарды сұрауға және алуға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте құқығы бар;

2) “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі осы Ережемен көзделген өкілетті іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Конституцияның және заңдарын сақтауға міндетті;

3) азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауға және қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыруға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;

4) оларға берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;

5) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп берілген мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарға ғана пайдалануға.

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы