Баянауыл ауданының әкімі

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жұмыс сапарымен Баянауылға келді

18 қазан күні облыс әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауов Баянауылда жұмыс сапарымен болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында іске асырылып жатқан экономикалық және әлеуметтік маңызы бар бірқатар жұмыстар барысымен танысты. Аймақ басшысы, алдымен Торайғыр ауылында бой көтерген бірнеше жаңа нысандарға, ауылішілік жолдар мен мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарына зер салды. Сонымен қатар, Торайғыр-Жасыбай арасындағы автожол құрылысының барысын бақылады.

Баянауыл аулынының Қ. Сәтбаев көшесінде жаңадан ашылған саябақта, «Мәңгілік ел» алаңында болды. Облыс басшысының назарынан АІІБ Жедел басқару орталығының жұмысы да тыс қалмады.

Ауданда сәуір айынан бастау алған су құбырларын тарту жұмыстары да жүзеге асырылуда. Болат Жұмабекұлы 2 пәтерлі тұрғын үй мен 24 пәтерлі үйдің құрылысымен де танысып өтті.

Назарға алынған нысандар қатарында аудандық аурухана да бар. 2018 жылы аталған ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджеттен қаржы қарастырылғалы отыр.

Сапар Мырзашоқыдағы тау-шаңғы базасы мен аэродром құрылысының барысын бақылаумен қорытындыланды.

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы