Баянауыл ауданының әкімі

«Кітап – сарқылмас қазына» аудандық семинар

2017 жылдың 18-ші қазанында Баянауыл №2 жалпы орта білім беру мектебінің базасында аудандық семинар өткізу жоспары бойынша кітапханашылар арасында білім бөлімінің әдіскері Мәншүк Тынысқызы Шумақованың басқаруымен аудандық семинар болып өтті. Семинарды кітапхана әдіскері Мәншүк Тынысқызы Шумақова ашты. Аталған семинардың тақырыбы «Кітап – сарқылмас қазына».

Мақсаты - «Заманауи кітапхана жұмысының электронды қорлармен ұйымдастырылуы». Семинарға 17 мектептің кітапханашылары қатысып, ойларын ортаға салып, пікір алмаса білді. Қ.Кемеңгеров атындағы ЖОББ мектебінің кітапханашысы Рымтай Мұхтарқызы Кәрібаева баяндама жасап, ол қызу талқыға салынды.

Семинар жоғары деңгейде өтіліп, үнемі осындай көлемді іс-шаралар жалғасын таба берсін деген ұсыныстарын білдіріп, кітапхана әдіскері  Мәншүк Тынысқызы Шумақоваға алғыстарын білдірді.

                                                                                   

        Баянауыл  №2 жалпы орта білім

                                                                                           беру мектебінің кітапханашысы

                                                                                           Бағымова.К.С.

 

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы