Баянауыл ауданының әкімі

Бөлімдер арасында ата-аналар сайысы өтті

2017 жылдың қазан айының 19-ы күні Майқайың балалар өнер мектебінде жылдық жоспарға сәйкес мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Ой мен ойын» атты сайыс өтті. Сайысқа барлық бөлімдерден он екі ата-ана қатысты. Қатысушылар төмендегі 4 бөлім бойынша бақ сынасты: І бөлім – «Көп сөйлеме», ІІ бөлім – «Смайлик караоке», ІІІ бөлім - «Хронология», ІV бөлім – «Өлең – сөздің патшасы». Сайыстың төрт кезеңі бойынша қатысушылар музыкалық, интеллектуалдық қырларынан өз бақтарын сынап, сегіз қырлы да бір сырлы, тапқыр да білгір екендіктерін дәлелдеп, ерекше белсенділік танытты.

      Сайыс қорытындысы бойынша: «Көз тимесін» тобы жүлделі ІІІ орын, «Шапалақ» тобы жүлделі ІІ орын, «Ай-хай 25» тобы жүлделі І орын, «Уақыт жоқ» тобы бас жүлдеге ие болып, барлық қатысушы топтар мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды.  Сайыс сонында қатысушылар бәрі қосыла караокеде ән шырқады. Аталмыш сайысқа белсенді қатысқан барша ата-аналарға айтар алғысымыз мол.

Ғ.Х.Хабдраш

Майқайың кенті

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы