Баянауыл ауданының әкімі

Күзгі бал – 2017

Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебінде жыл сайын өткізілетін дәстүрлі күз – 2017 мерекелік кеші аталып өтілді. Мереке барысында мектеп оқушылары 4 топқа бөлініп, өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Таныстыру барысында өз топтарының жетістіктерін әнмен жеткізсе, пародия кезеңінде Қазақстан эстрада жұлдыздарын айнытпай салып, ата-аналар мен ұстаздарға көңілді, естен кетпес кеш сыйлады.

Кеш соңында  барлық мектеп оқушылары флеш-моф билеп, өздерінің ұйымшылдықтарын көрсете білді. Тамаша кештің соңында жеңімпаз топтарға сыйлықтар таратылып, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Бастауыш сынып мұғалімі: С.Халым

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы