Баянауыл ауданының әкімі

Ұстаз еңбегімен көрікті

«Өрлеу БАҰО» акционерлік қоғамының филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жұмысының Жедел жоспарына сәйкес 2017 жылғы 15-29 қыркүйек аралығында «Өзін-өзі тану» мұғалімдеріне арналған «Менің өмірімдегі жалпыадамзаттық құндылықтар тәжірибесі» облыстық эссе байқауын өткізді. Байқауға қатысуға «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім жаңартылған бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді біліктілік арттыру курсынан өткен мұғалімдер шақырылды.

     Облыстық  байқауының  жеңімпаздары атанған - Рахметова Фарида Кенжебаевна, екінші дәрежелі дипломымен  және Бейсембенова Қарлығаш Құдышқызы,  үшінші дәрежелі дипломымен   марапатталды.  Мектебіміздің мәртебесін асырған ұстаздарымызға мектеп ұжымы атынан алғысымызды  білдіреміз. Осындай  білімді, білікті ұстаздарымнан үлгі, өнеге ала отырып, болашақта  жас маман ретінде, өз еңбегімнің жемісін көретініме кәміл сенемін.

 

З.Ақышев атындағы ЖББОМ-нің

музыка пәнінің мұғалімі:   Рахмет Н.Х

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы