Баянауыл ауданының әкімі

Адами құндылықтар

Адамдардың таңғалуы мен құрметіне бөлену үшін белгілі кәсіптік құндылықпен қатар, жоғары білімді, жақсы мінез - құлықты адам болу керек. Сыпайы және мәдениетті адамдармен араласу жеңіл және тез. Сыпайы болу ғана емес, оны шынайы, ойланбастан жасау маңызды. Сыпайығыңыздан ұялмаңыз, жақсы мінез - құлығыңыз адамдарды сізге тартады, ұнату сезімін оятады.

        Кешірім сұрау - тілдесу мәдениетінің бір түрі. Кешірім сұрай білу керек. Адамдар арасында қарым - қатынас сыйласымға негізделген. Егер біреуге қатысты ынғайсыздық жібергеніңізді сезсеңіз, кешірім сұрағаныңыз жөн. Міндетті түрде бір нәрсе бүлдірген үшін емес, жай әшейін мазаласаңыз да.

        Кешірім сұрау - әлбетте кінәлі болу, кінәні мойындау емес. Бұл жалпы қабылданған сыпайлықтың белгісі. Мысалы, қалалық көліктен шығарда алдыңызда тұрған адамдардан: «Кешіріңіз, келесі аялдамада түсесіз бе?» деп сұрайсыз. Бұл кешірім сұрау емес, сыпайылық.

        Адам сізге қаншалықты ренжісе де, трагедия жасамаңыз. Егер бірінші реттен кешірмесе, кешірім сұрап мазаламау керек.

        Кешірім сұрай отырып, сіз кінәңізді ішінара ақтадыңыз. Кей адамдарға кешірім сұраудың өзі өте қиын. Ең бастысы - ренжіген адам шынайы кешірім сұрағаныңыздың сезсе және де бұл келешектегі барлық қылықтарыңыздан көрініп тұру керек.

Б.Хайдаров атындағы жалпы орта

 білім  беру мектебінің өзін өзі тану

мұғалімі Н.А.Мазенова

 

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы