Баянауыл ауданының әкімі

АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ…..

Міне жаз мезгілі де келді. Жазғы демалысты жақсы өткізу үшін мектебімдегі «Тұлпар» атты жазғы сауықтыру лагеріне бардым. Мен бұл лагерде 6 маусымнан 30 маусымға дейін өте жақсы демалдым. Маған бұл лагерь алғашқы күннен- ақ ұнады. Себебі біз «Қызғалдақ» және  «Раушан» екі топ болып бөлініп, күн сайын топтың аты, ұраны айтылып, есеп тапсырылып, таңғы жаттығулар жасалды, спорттық ойындар, ұлттық ойындар және әртүрлі тәрбиесі мол іс-шаралар ұйымдастырылып өтті. Осында болған аспаздардың тағамдары өте дәмді болды. Мұнда біз Баянауылдың  әсем, керемет, көрікті жерлері Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл және Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі, Бұқар жырау Қалқаманұлының кесенесіне бардық.

Жалпы жазғы демалысымыз күн сайын өте қызықты өтті. Мен ризамын, алғысым шексіз!

 

 

 

Ш.Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернатының «Тұлпар» сауықтыру лагерінің демалушысы Сабитова Ақгүл

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы