Баянауыл ауданының әкімі

23 МАУСЫМ ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯ КҮНІН МЕРЕКЕЛЕУ

Қызметтік міндеттерін адал атқарып жұмыста оң нәтижеге қол жеткізгені үшін,  және 23 маусым Қазақстан полиция Күнін мерекелеуге байланысты, Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің бастығының құқығымен Баянауыл ауданы Ішкі істер бөлімінің үш қызметкері марапатталды.

 

- Баянауыл ауданы Жанажол селолық округінен өрістен 13 бас жылқы малы жоғалуы бойынша, қылмыстың ауыр түрін ашқаны үшін, Баянауыл ауданы Ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің участкелік полиция инспекторы полиция капитаны Қосыбаев Нұрбол Кабдырахимұлы,  қол сағатпен марапатталды.

 

- Баянауыл ауданы Ішкі істер бөлімінің Лицензиялау және қару айналымын бақылау  инспекторы полиция лейтенанты Усеинов Қуанышбек Жастілекұлына алғыс жарияланды.

 

- Баянауыл ауданы Ішкі істер бөлімінің Кезекшінің көмекшісі полиция старшинасы Омаров Ерқанат Балтабайұлы мақтау грамотасымен марапатталды.

 

Сонымен қатар Баянауыл ауданы Ішкі істер бөлімінің бастығының бұйрығымен 7 қызметкер марапатталды.

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы