Баянауыл ауданының әкімі

АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР КІТТАПХАНАСЫНДА 14 МАУСЫМ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ҮЙІНДЕГІ «БАЛАПАН» ЖӘНЕ «РАДУГА» ТОПТАРЫ ҮШІН «ТАБИҒАТ – БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ» АТТЫ КІТАП КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Табиғат – ортақ үйіміз, казіргі уақытта әлемдегі экологиялық жағдай адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп, аялауға үйрету керек. Аудандық балалар кіттапханасында 14 маусым жазғы демалыс үйіндегі «Балапан» және  «Радуга» топтары үшін «Табиғат – біздің досымыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, саяхат түрінде ой-толғау сабағы өтті :әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірлесу. Балаларды қоршаған ортаға саналы, мейірімді көзбен қарауға, табиғат аясында тазалықты сақтауға, онымен қарым-қатынас жасауға, туған өлкесінің сұлулығына деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу мақсатында өтті.

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы