Баянауыл ауданының әкімі

МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Баянауыл ауданының Жасыбай демалыс орнындағы  «Баянауыл»  турбазасында  Ұлы Отан Соғысының Женісінің 71 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған паралимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлерінен мүмкіндіктері шектеулі азаматтар арасында VXIII облыстық спартакиадасында Баянауыл ауданың атынан Сығындыков Мади дойбы спорт түрінен қатысты. Жарысқа Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалалары және Ертіс пен Баянауыл ауданының командалары қатысты. Жарысқа 131 спортшы 7 спорт түрінен мықтылығын анықтады. Жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте І орынды Павлодар қаласы иеленді, ІІ орынды Екібастұз қаласы иеленді, ІІІ орынды Ақсу қаласы иеленді.

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы