Баянауыл ауданының әкімі

«МҰСА МЫРЗА» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТЫМЫЗҒА ДІН ЖАНАШЫРЫ, КӘСІПКЕР НЫҒМАНОВ ЖАСЫБАЙ РАХМЕТҰЛЫ АУЫЗ АШАР БЕРДІ

Алла ризашылығы үшін таң сәріден кеш батқанға дейін ауыз бекіткен жамағатқа 2016 жылғы 21 маусымда «Мұса Мырза»  мешітінде жамағатымызға дін жанашыры, кәсіпкер Нығманов Жасыбай Рахметұлы  150 адамға ауыз ашар берді.

 

Аудандағы өзге де кәсіпкерлер мен иманды азаматтар ниет білдіріп, дастарқан жайып, ауызашар беруде.

 

Күллі мұсылман жұрты асыға күткен айлардың сұлтаны - Рамазан айын аудан  жұртшылығы ерекше ықыласпен қарсы алып,  өткізуде.

 

Бас имам Саян Арыстанұлы - ораза ұстау сауабы мол ұлық ғибадат. Ораза адам жанын тазартып, жаман қылықтардан сақтайды. Бір көңіл қуантарлығы жылдан жылға, ораза ұстауға ниет еткен жастарымыздың қатары көбейіп келе жатыр», – деді.

 

Ақ дастархан басына жиналған жамағатқа, Рамазан айының құндылығы  туралы уағыз айтып, ақ тілегін білдірді.

 

 

 

«Имандылық» орталығы

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы