Баянауыл ауданының әкімі

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНДА АУДАН ОҚУШЫЛАРЫНА «АҚБЕТ» БИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЛАГЕРІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жазғы үлкен үзіліс ұзақ оқу жылынан кейін мектеп оқушыларының денсаулығын бекітуі, денесін шынықтыруы, күш жинауы үшін беріледі. Бірақ бұл да олардың рухани баюуы, өз күштерін тексеру, қоршаған ортаны тану және түсіну үшін жеткіліксіз. Осы олқылықтарды толтыру мақсатында аудан орталығында «Ш.Айманов атындағы жалпы білім беру мектеп-интернаты» КММ базасында аудан оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру, сауықтыру үшін «Ақбет» аудандық биологиялық зерттеулер лагері ұйымдастырылды. Бір ауысымда 100 ге жуық оқушы демалды. Жазғы лагерге  көп балалы отбасылар, аз қамтамасыз етілген отбасылар,толық емес отбасы, аз қаржыланған отбасы, сондай-ақ жайсыз отбасы балалары және дарынды оқушылар  алынды. Сонымен қатар оқушылардың биология, химия пәнінен игерген білімдерін  толықтыру үшін облыс орталығындағы  ПМПИ - ның биология және химия кафедрасының оқытушылары мен студенттері арнайы шақыртылып, оқушылармен далалық тәжірибе  жұмыстарын жасап, дәрілік өсімдіктерден кеппешөп жинап, биологиялық білімдерін  толықтырды. Лагерь демалушылары Баянауыл ауданының көрікті жерлерін аралап, лагерьде ұйымдастырылған «Үндістер күні», «Пародия күні», «Спорт күні», «Екі жұлдыз», «Тәлімгер шоу», «Толағай», «Жаз аруы», «Жайдарман» сайыстарына қатысып өз өнерлерін де ортаға салды.

 

Келесі жылы да «Ақбет» биологиялық зерттеулер лагері жұмысын жалғастыру көзделіп отыр.

 

 

 

 «Ақбет» аудандық  биологиялық  зерттеулер лагерінің басшысы:   Е.Б.Рахимтаев

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы