Баянауыл ауданының әкімі

04.03.2016 ж. Баянауыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 29/01қаулысы

Баянауыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 29/01қаулысы

Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы  «Мемлекеттік  сатып алу туралы» Заңының 8-бабы, 1 тармағының, 3) тармақшасына  сәйкес бюджеттік қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Баянауыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Баянауыл ауданы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып анықталсын.
  2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
  1. Тапсырыс берушілер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тапсырыс берушілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынуын қамтамасыз етсін. 
  1. «Баянауыл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және аудан әкімдігінің интернет–ресурсында жариялауын қамтамасыз етсін.

  1. «Баянауыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да қажетті шараларды қабылдасын.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  1. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                                             Н. Күлжан

Павлодар облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы  04 наурыздағы   №4955 арқылы тіркелген.

 

Баянауыл ауданы әкімдігінің 2016 жыл «29» қаңтардағы № 29/01 қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізудің

Баянауыл ауданы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

Р/с №

 

Атауы

1

 

Аудандық жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

 

2

 

Сатып алуға бөлінген сомасы он мың айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін  қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алулар

 

 

 

 

 

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы