Баянауыл ауданының әкімі

АЙНАЛЫСТАҒЫ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ТЕҢГЕ БАНКНОТТАРЫН АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 3 қазанда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттардың айналыста болуының аяқталуы туралы қосымша хабарлайды. Аталған күнге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер және банк операциялары үшін қандай да болмасын шектеусіз пайдаланылады.

Бұл банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында олардың айналыста болуының аяқталу күнін күтпей айырбастауға болады.

Одан кейін 12 ай ішінде– 2016 жылғы 4 қазан – 2017 жылғы 3 қазан аралығында қоса алғанда  – көрсетілген купюралар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталуға тиіс.

ҚР Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттар айырбастау үшін 2020 жылғы 3 қазанға дейін, тегін, комиссия немесе айырбастау үшін ақы алмай қабылданады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес банкноттарды қабылдаудан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Банкноттарды ауыстыру мәселелері бойынша Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44 мекенжайы бойынша «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Павлодар филиалына өтініш жасауды сұраймыз, қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі, тел. 32-30-53, 32-39-51.

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы