Баянауыл ауданының әкімі

14.12.2015 ж. Құрметті Баянауыл ауданының тұрғындары!

Былтырғы жылдың 1 қыркүйегінен бастау алған науқандық іс қазіргі таңда ауданда жүріп жатыр. Өйткені мүлікті жариялау үлкен маңызға ие екені сөзсіз.

Қазақстан Республикасының  2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» № 213- V  Заңының 4-бабына сәйкесмүлікті жариялау науқанының мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.

Мүлікті жария етем десеңіздер немесе жария етуге қатысты сұрақтарыңыз болса Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі 45, Баянауыл ауданы әкімдігінің ғимараты 207 кабинетінде орналасқан комиссия хатшылығына хабарласуыңызға болады. Байланыс телефон 8 (71840) 91998.

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы