Баянауыл ауданының әкімі

13.07.2015 ж. Мүлікті заңдастыру акциясы бойынша сұрақтар мен жауап

Мүлікті заңдастыру дегеніміз не, оны қалай түсінуге болады?

Мүлікті заңдастыру- кірістерін жасыру мақсатында немесе Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес рәсімделмеген мүліктерге азаматтың құқығын мемлекеттің мойындау процедурасы. Сол арқылы көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетіп, заңдастырылған капиталдыэкономикаға қосымша қаражат ретінде енгізу негізгі мақсаты болып табылады.

Бұл заңдастыру өткен жылдары өткізілген заңдастырулардан айырмашылықтары қандай?

2001 жылы тек қана ақша заңдастырылды, ал 2006 жылғы заңдастыруда жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын және жилжитын мүліктерді заңдастырылған. Ал осы заңдастыруға тек қана жеке тұлғалар қатысады, ал заңды тұлғалар қатыспайды.

Бұл заңдастыруға мемлекет аумағындағы және мемлекеттен тыс жерлердегі мүліктер, ақша, құнды қағаздар, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдағы үлесі жатады.

Мүлікті жария етуді өткізу үдерісі кезінде алынған ақпараттардың құпиялылығы қамтамасыз етіле ме?

Әрине. Жоғарыдағы Заңға сәйкес мүлікті жария етуді өткізу процесінде алын­ған ақпараттардың құпиялылығы ҚР-ның заңдарымен кепілдендіріледі.

Ақша мен мүлікті жария ету кезінде алым төлеу жүргізіле ме, мүлікті ресімдеумен байланысты шығыстарды кім төлейді?

Жария етуші тұлғалардан жария ету кезіндегі алым екі жағдайда алынады: экономикаға инвестиция жасамай, екінші деңгейлі банктердегі арнайы есепшоттардан мерзімінен тыс (5 жылға дейін) ақшаны алғанда;

ҚР-нан тыс жерлерде орналасқан, соның ішінде тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке.

Алыс көлемі ҚР аумағынан тыс жер­лерде орналасқан мүліктің сатып алынған құны немесе мүліктің бағалау құнынан 10 пайызды құрайды. Жария етілген мүлікті ресімдеумен байланысты шығыстарды жария ету субъектілері төлейді.

Қандай мүліктер мен ақшалар жария етуге жатпайды?

Құқығы сотта дауласып жатқан мүліктер жария етуге жатпайды. Сондай-ақ, несие ретінде алынған ақшаларды да жария етуге болмайды.

ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлікті жария ету мүмкін бе?

Мүмкін. Сонымен бірге ҚР-ның азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік деп айқындалатын мүлікке сәйкес келетін осындай мүлік деп танылады. Жария ету субъектісіне тиесілі, немесе, биылғы жылдың 1-қыркүйегіне дейін, яғни, жария ету бойынша науқан басталғанға дейін алынған мүлік жария етуге жатады.

Кім мүлікті жария ету субъектісі болып табылады. Мүлікті жария ету кезінде комиссияның, болмаса салық органының шешімімен келіспеген жағдайда кімге шағымданамыз?

Мүлікті жария ету субъектілері бо­лып ҚР-ның азаматтары, оралмандар және ҚР-ында тұруға ықтиярхаты бар адамдар жатады. Егер, адам ҚР Қылмыстық кодек­сінің 222-бабы бойынша жауапқа тартылған болса, осыған байланысты соттың заңды күшіне енген үкімі болған жағдайда ондай адам жария ету субъекті болып табылмайды. Ал, әлгінде өзіңіз айтқандай, іс-әрекетпен келіспеген жағдайда ҚР заңда­рымен көздел­ген тәртіп негізінде сотқа жүгіне аласыздар.

Мен жер учаскесін және көлік құралдарын жария ете аламын ба, ал жылжымайтын мүлік шет елдерде болса ше?

Жер учаскесі жария етуге жататын мүліктер қатарына жатпайды. Сондай-ақ, заңмен салынған құрылыстарды, егер, олар жария ету субъектіне жеке меншік құқындағы тиесілі жер учаскесінде орналасқан жағдайда жария ету тәртібі көзделген. Мұндай объектілер жердің нысаналы мақсатына және де құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес болуы тиіс. Ал, шет елдегі жария ету субъектінің тұрғылықты орны бойынша салық органына құжаттар ұсынуларыңыз қажет.

Мүлікті жария етем десеңіздер немесе жария етуге қатысты сұрақтарыңыз болса Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі 45, Баянауыл ауданы әкімдігінің ғимараты 207 кабинетінде орналасқан комиссия хатшылығына хабарласуыңызға болады. Байланыс телефон 8 (71840) 91998.

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы