Баянауыл ауданының әкімі

АУДАН ӘКІМІ АТЫНАН БЕРІЛГЕН АУЫЗАШАР

Мешін жылындағы қасиетті Рамазан айының алғашқы күндері жаздың аптапты ыстық күндеріне тап келді. Бұл көптеген мұсылмандар үшін шынымен де үлкен сын болды. Бірақ соған қарамастан, көптеген жамағат Алланың разылығы үшін таң қарсаңында ауыз бекітіп, 18 сағаттан астам уақыт өз парызын адал атқарып келеді. Ал түрлі себептермен ораза ұстай алмаған жандар күн сайын кешкісін аудан аумағындағы мешіттерге барып, ауызашар беріп, сауапқа кенелуге тырысады. Бұл ретте Ақшам намазы алдында Баянауыл ауданындағы аудандық «Мұса Мырза» мешітіне келуші жамағат та жетіп артылады. Мұнда міндетті түрде ауызашар рәсімі өтіп, тарауих намазы оқылады.

 

24 маусым күні аудан әкімі атынан  ауызашар берілді. Ауызашарға аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшылары, парламент депутаттары Смағұл Бақытбек, Шиповский Генадий Геннадьевич және  ораза тұтқан мешіттің тұрақты жамағаты барлығы 100 ден астам адам қамтылды.

 

Ақ дастархан басына жиналған жамағатқа, парламент депутатары ақ тілегін білдірді.

 

 

 

Имандылық орталығы

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы