Баянауыл ауданының әкімі

«ТҰҢҒЫШ АКАДЕМИЯ» - АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Ағымдағы жылдың 15 маусым күні Қазақстан Республикасының Ұлттық  Ғылым  Академиясының 70 жыл толуына орай, Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайында Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының ардагер ұстаздарының қатысуымен «Тұңғыш Академия» - атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 

Бұл іс-шараға ауданымыздың елеулі агрономы, ауыл шаруашылығының беделді маманы Қорабай Шәкірұлы, Баянауылдың ұлттық табиғи паркінің аға ғылыми қызметкері Динара Нығметтолақызы және ауданымыздың Ақсаң, Баянауылдың №1,№2,№3 мектептерінің ұстаздары қатысты.

 

Сөз басында мұражайдың басшысының м.а М.Қ.Альтаеваның баяндамасы тыңдалып, сонымен қатар, шара барысында Қ.Шәкірұлының, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ардагер ұстазы Ғалия Әубәкірқызы, физика, химия пәнінің ардагер ұстазы Торғай Қайыржанқызының  т.б. қатысушылардың әр саланың бұрыңғы кезде қалай дамып, қазіргі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы уақытында қандай жетістікке жеткендігі туралы әсерлі әнгімелері тыңдалды. Шара соңында Академик Қ.И.Сәтбаевтың сүйіп тыңдайтын әндерінің бірі Абайдың әндерімен ән-күй пәнінің ардагер ұзтазы Ләззат апайдың орындауында қорынтындысын тапты.

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы