Баянауыл ауданының әкімі

«Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

«Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Баянауыл ауданы әкімдігінің 2014 жылдың 5 желтоқсандағы «Аудан бюджетінен қаржыландырылатын кейбір мемлекеттік мекемелерді біріктіру жолымен қайта ұйымдастыру туралы» № 359/12  қаулысына сәйкес құрылған және Баянауыл ауданы әділет басқармасында 2015 жылдың 17 сәуірінде тіркелген

Ауданда 22 ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар, 37 кітапхана 3 мұражай жұмыс істейді. Ауданның мәдениет саласы бойынша 344 адам қызмет етеді.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы - Сарбасов Қайрат Қайырұлы, 1957 жылы  дүниеге келді, білімі жоғары.

1981 жылы Павлодар педагогикалық институтын биология және химия пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.

Жұмыс жолын  Баянауыл №27 кәсіптік техникалық училищенің химия пәнінің мұғалімі болып бастады. Бес жыл партия жұмысында істеді.

1992 жыл мен 2003 жылдар аралығында №1 Ш.Айманов атындағы мектеп директорының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары, екі рет аудандық Маслихаттың хатшысы болып сайланды. 2003 – 2009 жылдары аралығында аудан әкімі аппаратында ұйымдастыру-кадрлар бөлімінің бастығы одан кейін аппарат басшысы қызметтерін атқарды.

1999 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызмет Академиясында «Басқару органдарында ұйымдастыру-кадрлық қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша курсын оқыды.

2001 жылы Болгарияда «Жергілікті экономикалық өсу және қоғамдық жеке серіктестік» курсы бойынша оқыды.

2010, 2013,2016 жылдары мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру Павлодар аймақтық орталығында курстан өтті.

Облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың құрмет грамоталарымен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл»,  «Қазақстан мәслихаттарына 20-жыл» мерекелік медалі, «Павлодар облысына 75 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Үйленген, үш баласы бар.

14 қазан 2009 жылдан бастап Баянауыл ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Байланыс телефондары:

  • жұмысы-8-718-40-91193
  • факс-8-718-40-92132

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы