Баянауыл ауданының әкімі

«Баянауыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Баянауыл ауданының құрылыс және сәулет және қала құрылысы бөлімі ММ, аудан әкімінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 219/11 қаулысына сәйкес құрылып, ашылды. 2006 жылғы 18 қаңтарда аудан әділет басқармасында № 40-1945-04-ММ серия В № 0176565 заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігімен тіркелген.

«Баянауыл  ауданының  құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі»

8 (71840) 9-22-34, 9-23-54, otdel-stroitelstva@mail.ru

756232231.jpgМаненов Сабит Болатович

Маненов Сабит Болатович 1959 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары.1982 жылы Павлодар индустриялық институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша тамамдаған.Еңбек жолын 1976 жылы тас қалаушыдан бастаған.1984 жылдан 1985 жылға дейін Екібастұз қаласында учестке шебері,  1985-1987 жылдары Баянауыл аудандық ПМК прорабы, 1987-1988 жылдары ДЭУ прорабы,  1988-1991 жылдары Баянауыл ауданының коммуналдық шаруашылығының бас инженері, 1991-1992 Баянауыл аудандық ПМК-ның учестке шебері, 1992-1997 жылдары Екібастұз қаласының Ремсу мекемесінің учестке шебері, 1997-2000 жылдары Баянауыл аудандық ПМК-ның учестке шебері, 2000-2003 жылдары Баянауыл ауданы әкімшілігінің жалпы бөлім бастығы, 2003-2011 жылдары Баянауыл ауданының жылжымайтын мүлік орталығының бастығы, 2011-2012 жылдары «Баянауыл  ауданының  құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі»ММ-нің бас маманы міндетін атқарып, 2012 жылғы 5 қазаннан бастап «Баянауыл  ауданының  құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің басшысы міндетін атқарып келеді.

«Баянауыл  ауданының  құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Баянауыл ауданы әкімдігінің басқару құрылымына енеді және аудан аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

 

Бөлімнің басты міндеттері

· аудан аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

· аудандық коммуналдық меншік, сондай-ақ әлеуметтік-мәдениет мәніндегі обьектілерінің құрылысы бойынша тапсырыс беруші ретінде қатысу;

· объектілер құрылысына мемлекеттік сатып алуды біріңғай ұйымдастырушы ретінде өткізу;

· ауданның орналасуының  сызбасын,аудан орталығы құрылысның бас жоспарын әзірлеу, оларды аудан әкімдігі арқылы аудандық Мәслихаттың бекітуіне енгізу;

· аудан аумағында қала құрылысын игеру кезінде сәубекітілген лет және қала құрылысы қызметінің мәселелеріндегі заңнама мөлшерлерін, мемлекттік мөлшерлемелерді, сондай-ақ белгіленген тәртәппен бекітілген сәулет және қала құрылысы басқа жобалақ құжаттамаларды сақтау;

· бекітілген қала құрылысы құжаттамасын қала құрылысы тәртібін және аумақтық құрылыс ережелерін сақтай отырып жүзеге асыру;

· объектілермен кешендерді орналастыру жөнінде ұсыныстар даярлау;

· тұрғын үй ғимараттрының (үйлер, жатаханалар) кейбір бөлшектерін қайта құру жөнінде (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру;

· ауданда құрылыс жүргізу, көріктендіру және инженерлік қамтамасыз ету, тұрғын үй қорын сақтау мен ұстау ережелерін әзірлеу;

· жергілікті атқарушы органдарға объектілермен кешендер құрылысын орналастыру жұмыстары жөнінде ұсыныстар даярлау;

· бекітілген құжаттамаға сәйкес құрылыс жобаларының іске асырылуын, құрылыстың аумақтық ережелерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;

Мемлекеттік мекеме қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативті құқықтық актілері, облыс, аудан әкімдерінің қаулылыры, осы Ереже  және басқа да нормативті актілер құрайды.











©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы