Баянауыл ауданының әкімі

Ақсаң ауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жыл бойы әлеуметтік -экономикалық салада атқарған жұмыстары туралы ауылдық округі әкімінің есептік кездесудегі ТЕЗИСІ

2016 жылғы Ақсаң ауылдық округінің  әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері төмендегідей.

Ақсаң ауылдық округіне үш елді мекен кіреді. Олар Ақсаң, Қаражар, Жалғызқайың  ауылдары. 2016 жылдың   Ақсаң ауылдық округі бойынша    халықтың жалпы саны  949 адам 220 отбасын құрайды.

       Округ аумағында жалпы білім беретін орта мектеп, жалпы  негізгі орта білім беретін мектеп,  үш медициналық пункт, Мәдениет үйі, 2 ауылдық клуб ,  үш кітапхана,бір  дүкен халыққа қызмет көрсетуде.

      2016  жыл  басынан  45  адам  жұмыссыздар тіркемінде, 5 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды.  Маусымдық жұмысқа 18  адам қамтылды. Қоғамдық жұмыстарға кесте бойынша 23 адам тартылды.

Ауылдық округі бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар отбасы жоқ, он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушы бес отбасы. Үстіміздегі  жылдың  ақпан  айынан бастап « Өрлеу » жобасы бойынша   1 ассисент   әлеуметтік  маман  жұмысқа  алынып  қызмет  көрсетуде. « Өрлеу »жобасы  округ бойынша 2 адам  жұмыспен  қамтылды.

Екі  мектеп бойынша  барлығы 131 оқушы білім алуда.  2 шағын орталығы   жұмыс  істеп тұр. Биыл төтенше жағдайдың  салдарынан    Ақсаң  мектебінің  отқазандығының   түтін шығатын  трубасы  істен  шығып  қалып  жөндеу жұмысына  966,0  мың теңге жұмсалды.

       Үстіміздегі жылы  ҰБТ қорытындысы 73,7 пайыз. Барлығы  7 оқушы  бітіріп  ҰБТ-ға   4-уі қатысты.Ыстық тамақпен  41 бала  тегін  тамақтанады. Оған  бөлінген қаржы  -1.893 мың теңге.

Қаражар   мектебі бойынша   2016-2017 жылдардың жылыту маусымына бүгінгі  күні  113 тонна көмір   тасымалданды. Ыстық тамақпен 100 пайыз  қамтылған.

2016    жыл   ҚР  Тәуелсіздігінің  25 жылдық  мерей тойын атап өту болды.   Осы  мерекеге  орай  үш елді  мекенде 25 жұлдызды  күн  бағдарлама  аясында  мәдени  іс  шаралар  өтті.

      Ақсаң  ауылдық  Мәдениет  үйінде  25 жыл бұрын  мектеп  бітірген  түлектермен  кездесу  өткізілді.

      Ақсаң  ауылдық  округі  бойынша 14- 29 жас аралығындағы жастар саны  202, оның ішінде студентттер саны -44. Колледжде  30 студент,  жоғары  оқу орынында -13 студент. Жыл басында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған аудандық  «Көңілділер мен тапқырлар клубының» ауыспалы кубогында   «Аксан кz»   командасы  қатысып  І- орынды иеленді.

      2016  жыл    қысқы  спорттық  жарыстардан  бастау  алды.Оған 18- 60 жас аралығындағы  ауылымыздың  спортшылары қатысты. Спортшыларымыз жақсы  көрсеткіш  көрсетіп  аудан  бойынша  қысқы ойындардан   ІІ- орынға ие болды. Атап өтсек  қысқы  спорттық жарыстара шаңғыдан 18- 23 жас аралығында Олжатай  Мұратбек   І- орын, 24-34 жас арлығында Исмайлова Марал ІІІ- орын, 40-49 жас аралығында Сембекова Арайлым  І – орын, 60 жастан жоғары  жас  аралығында  Толеубаев Толеген ІІІ- орынды  иеленді. 

      Ақсаң, Қаражар, Жалғызқайың ауылдық медициналық пунктінде ауыл тұрғындары деңсаулығына байланысты көмек алады.

 2016 жылы ауылішілік  жолдарды ұстауға 363 мың теңге қаржы бөлінді, толығымен игерілді

         «Жұмыспен  қамту жол картасы -2020»бағдарламасын  іске асыру  мақсатында  Ақсаң  ауылына    мектеп  жанынан  шағын  футбол  алаңын  аббатандыру үшін ТОО «Ақжаным»  4.794.0  ұтып  алып жұмысы  аяқталды. Осы  жұмысқа   ауыл  азаматтары  ат  салысып  қол ұштарын беріп,  оның  ішінде жұмыссыздар  тіркемінде   тұрған  екі  азамат  аббаттандыру жұмысына  тартылды.  

        Жергілікті «Казпошта» АҚ арнайы байланыс бөлімшесі  жоқ, бірақ  филиалы   арқылы  күнделікті  жүйелі  түрде  жұмыстар  атқарылуда.          2016 жылға республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарына   100  пайыз  жазылу жүргізілді.

         2016 жылдың желтоқсан айында  мал санағы  жүргізілді.

      «Баянауыл ауданы Ақсаң ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не 2016 жылы 38 млн. 380.6 мың теңге бөлінді, толығымен игерілді (жалақы, төлемдер, салықтар, отын, жаңар-жағар май,  байланыс қызметі, басқа да қызмет пен жұмыстар және т.б.); оның   ішінде мектеп оқушыларын тегін тасымалдауға 1 млн. 778 мың теңге (жалақы, міндетті сақтандыру, жаңар-жағар май, қосалқы бөлшектер  және т.б. төлемдер);  «Ақсаң ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнына субсидия 17 млн. 505 мың теңге (қаражат қызметкерлердің жалақысы, қатты отын алуға, мемлекеттік салықтарды төлеуге жұмсалды); ауылішілік  жолдарды ұстауға – 363 мың теңге және т.б.

 Футбол  алаңын  аббатандыруға -4873.6 теңге  игерілді.

      Бөлінген қаржы толығымен игерілді.

      Мал дәрігерлік сала бойынша 1 мал дәрігері  ғана  қызмет  көрсетуде. Қызметтік  автөкөлікпен  және  мал дәрігерлік  құралдармен  қамтылған. 2016 жылы 40 қаңғыбас ит аулап,  күл-қоқысқа  апарылып өртелінді.  Округ бойынша   үстіміздегі  жылы  ірі қара  және  қой  мен ешкіден  қан  алынып  және  серология   тексеруден  өткізілді.  Нәтижесі  бойынша  13 бас  ірі  қара  сарып   (бруцеллез) ауруына  шалдығып  қажетті  жерлерге  тапсырылды. (Астанаға)

      2016 жылға ауыл тұрғындарына салынған жер мен мүлік, көлік салықтары белгіленген уақытта толығымен жиналды. Барлығы  1.004 мың 201 теңге   

    «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес өтініштер уақытында қаралды.

        2016 жылы заңды тұлғалардан -4 (төрт) өтініш, жеке тұлғалардан 26 (жиырма  алты) өтініш түсті.

        «Баянауыл ауданы Ақсаң ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетіледі (уақытылы және сапалы).

      2016 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны– 247       Мемлекеттік қызмет көрсетуде бұзу фактілері бойынша азаматтардан өтініштер түскен жоқ.

         Алдағы уақытта ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында төмендегі проблемалық мәселерді шешу мақсаты қойылып отыр.

        1.ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол», «100 нақты қадам», «Жұмыспен қамту-2020» және басқа да мемлекеттік бағдарламаларын орындау мақсатында іс-шаралар жүргізу;

  1. Жұмыссыздық деңгейін азайту;
  2. Ауылдық округ азаматтарының өтініштері мен шағымдарын қарау;
  3. Ақсаң, Жалғызқайың, Қаражар ауылдарында мал қорымдарының жер телімдерін заңдастыру, орналастыру;

        5.Жалғызқайың ауылына  шағын  футбол  алаңын салу  және  балалар ойын алаңын  салу (жобалық-сметалық құжаттары дайын);

        6.Қаражар  ауылына  шағын  футбол  алаңын  салу

  1. Қаражар , Ақсаң , Жалғызқайың  ішкі  жолдарға жөндеу жұмысы қажет жаз айларында  автөкөліктердің  жүруіне  үлкен  қиыншылық  туғызып  отыр.
  2. Мектеп оқушыларын тасымалдауға жаңадан автобус алу;
  3. Қаражаты шешілсе  аудандық  маңызы бар  6.1  км автокөлік жолға  жөндеу  жұмысы  қажет. (Ауданның  тұрғын үй- коммуналдық  шаруашылығы, жолаушылар көлігі инспекция бөлімі  арқылы  жобалық- сметалық  құжаты дайындалған. )

 

         Ақсаң  ауылдық  округінің әкімі                                    С. Шегетаева

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы