Баянауыл ауданының әкімі

Құндыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жыл бойы әлеуметтік -экономикалық салада атқарған жұмыстары туралы ауылдық округі әкімінің есептік кездесудегі ТЕЗИСІ

Құндыкөл ауылдық округі бойынша: Құндыкөл, Егіндібұлақ, Біржанкөл ауылдары орналасқан. Жалпы тұрғындар саны 1125 адамды құрайды.

2016 жыл басынан округ бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығында  35 адам жұмыссыздар қатарында тіркеуде тұр.

2015-2016 жылдар аралығында 4 тұрақты,  18 адам қоғамдық жұмыспен қамтылды. Қамқорлық акциясы аясында Кожин Жұлдыз 4 аз қамтамасыз етілген отбасыға натуралды көмек көрсетті, жалпы сомасы 400 мың теңгені құрады. 2016 жылы  «Өрлеу» шартты ақшалай бағдарламасына 4 аз қамтылған отбасы қатысты.    

Мал шаруашылығы саласында 2016 жылдың басынан бастап 5769 ірі қара мал зерттелді, оның ішінде 201 бруцеллез болып тапсырылды. Зерттелген қой, ешкі саны 12703, туберкулезге тексерілген ірі қара малдар саны 3800 бас. Пастерелезге қарсы егілген  ірі қара мал 390 бас, қой, ешкі саны 810, жылқы 70 бас. Сібір жарасына қарсы 4500 ірі қара мал, жылқы 1200, қой, ешкі 7500 бас егілді. Ауыл тұрғұндарының өтініші бойынша көшеде қаңғып жүрген 45 ит жойылды. Биылғы жылы Құндыкөл ауылының тұрғыны Е. Пыштыбаев мал сою пунктін ашты.

Білім беру саласында Құндыкөл ауылдық округінде 2 мектеп қызмет атқарады. Жастарға  білім беру мақсатында 2  мектепте 65 мұғалім қызмет атқарады. 2015-2016 жылдардағы ҰБТ қорытындысы бойынша 112,7 ұпайға қол жеткізіп, аудан бойынша 1 орынға ие болды.

Ә. Марғұлан мектебінде 137 оқушы, оның ішінде 47 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.   2016 жылы Ә. Марғұлан мектебіне жазғы сауықтыру алаңына 90 000 теңге бөлінді. Ауданда орналасқан жазғы «Ақбет» сауықтыру алаңына 1 оқушы, 1 оқушы демеушілер тарабынан және 1 оқушы ана-аналар тарабынан  демалды. Тізім бойынша 18 балаға демеушілікпен көмек көрсетілді. Демеушілер: жеке кәсіпкерлер, кәсіподақ ұйымы, мектеп директоры А. Мүбәрак, ауыл әкімшілігі, аудандық маслихат, мешіт, мәдениет үйі, дәрігерлік емхана. Демеушілерді жұмылдыру есебінен 15 оқушыға көмек көрсетіліп, бюджеттен тыс қаражат 147 538 теңгені құрады.

Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінде жалпы 70 оқушы. Жаппай біліммен  қамту қорынан 33 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Соның ішінде әлеуметтік категориялар бойынша  аз қамтылған, көп балалы отбасы балалары, жәнеде  1-сынып оқушылары қамтылды.

  «Мектепке жол» акция шеңберінде 9 балаға бюджеттік емес қордан 91900 теңгеге көмек көрсетілді.

            Денсаулық сақтау саласында І санатты -1 дәрігер, 1 акушер, 5 медбике  қызмет атқарып жүр. 2016 жылы туған сәбилер саны 16, шетінеген сәби болған жоқ. Тамыз айында Екібастұз қаласынан дәрігерлер жылжымалы медициналық қызмет көрсетті. Жүрек ауруымен, артериалдық гипертония, қант диабеті, бронхиалдық астма, ревматоидтық артрит ауруымен және нерв-жүйке ауруларымен диспансерлік есепте тұратын адамдар ай сайын тегін дәрілермен қамтамасыз етіліп отырды.

Округ аумағында 1 мәдениет үйі, 1 ауылдық клуб, 3 кітапхана тұрғындарға қызмет көрсетеді. Мемлекеттік мерекелер мен ұлттық мейрамдар, бекітілген іс- шаралар жоспар бойынша өткізілді.

Жалпы жазбаша түскен өтініштердің саны-27, ауызша 2, оның 27 қанағаттандырылды, 2-не түсініктеме берілді.  

Әкімшілік аппараты мамандарының  күнделікті жұмыс барысында ауыл тұрғындарынан жиналатын жер және мүлік салығы, көлік салығы, жеке табыс салығы төлем көзімен салық салынбайтын салықтар түсімдері үнемі бақылауда болды. Округ  бойынша қазан айының біріне дейін 100167 теңғе жер, 62410 теңге мүлік салықтарының түсімдері жиналып тапсырылды.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу мақсатында ауыл әкімшілігі мен учаскелік полиция инспекторы бірлесіп жұмыс атқаруда. 2016 жылы 104 әкімшілік хаттамалар толтырылды. Олар ішімдік ішіп көшеде жүргендер, аула тазалығы және т.б. тәртіп бұзушылықтар.

2016 жылы Құндыкөл ауылына мемлекеттік бағдарлама аясында оптикалық-талшықты интернет желісі халық игілігіне пайдалануға берілді.

Құрметті ауылдастар! Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқысы бола білді. ЭКСПО көрмелерінің идеологиялық теке ті­рес­тің алаңына айналу арқылы да ғажап нысан­дардың, ғажайып туындылардың дүниеге  келуіне себепші болған жайлары жеткілікті. «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу Қазақстан үшін халықаралық деңгейде алға жылжуында үлкен қадам болмақ. EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. ЭКСПО-2017 – мем­лекетіміздің мығымдығын, еліміздің еңсе­лілігін, ойымыздың тереңдігін, халқымыздың қо­нақжай­лы­лығын, айналып келгенде ұлттың ұлылығын көрсететін тұс. Дәл солай боларына се­неміз.

Құндыкөл ауылдық округінің әкімі                              С. Ибраев

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы