Баянауыл ауданының әкімі

Майқайың кенті әкімінің 2016 жылда атқарылған жұмыстары жөнінде есебінің тезистері

Майқайың кент тұрғындар саны бүгінгі күні 9123 адамды құрайды, оның ішінде зейнеткерлер - 895 адам, ҰОС қатысушылары -1, еңбекке жарамды тұрғындар -5777 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс істейтіндер - 4796 адам, өз ісімен айналысушылар - 698, оқушылар саны-1476, мектепке дейінгі балалар саны-1023.

Майқайың кенті әкімі аппаратының   2016 жылға  арналған бюджеттің жалпы сомасы 126 млн 068 мың теңгені құрады:

оның ішінде:

Майқайың кенті әкімі аппаратының қызмет атқару  шығыны  23 млн 319  мың теңге

 «Ұшқын»-  бөбектер бақшасына  41 млн 651  мың теңге, «Үшқұлын»  бала бақшасына 19 млн 506  мың теңге  жұмсалған.

«Кенші» мәдени сауықтыру орталығына  27 млн 805  мың теңге жұмсалды.

Оқушыларды мектепке және үйне қайта жеткізуге бюджеттен 1 млн 994 мың теңге жұмсалып игерілді.

Атаулы әлеуметтік көмекке екі отбасы – 337,4 мың  теңге, мемлекеттік балалар жәрдемақысы  отыз бес  отбасына - 1 млн  732,5 мың теңге төленді,

62 жалғыз басты зейнеткерлерге және мүгедектерге тұрғын үй жәрдемақысын төлеу үшін – 2 млн 400,0 мың теңге.

Тұрмыстары төмен отбасыларына жасалған зерттеу актісі бойынша 34 жаңүяға 721,1 мың  тенге көмек көрсетілді, I,II топ мүгедектерге әлеуметтік көмек 118 адам 1 млн 752,0 мың теңге.

Облыстық «Ардагер» мен «Боровое» және «Мойылды» санаторийінде  кентіміздің 20 зейнеткер мен мүгедектер өз денсаулықтарын жақсартып сауықтырудан өтті.

Бұнымен қоса аз қамтамасыз етілген отбасы мүшелерінен жыл бойынша 96 адам қоғамдық жұмыс орындарына тартылды.

Сонымен қатар 33 аз қамтамсыз етілген отбасыларына көмірмен көмек көрсетілді.

29- сәуір күні Қазақстан Республикасын Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Майқайың кент әкімінің кубогі үшін мекемелер мен ұйымдар арасында «Жайдарман» көңілділер мен тапқырлар ойыны өтті.

1-мамыр күні   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және де Халықаралық ынтымақ  күніне «Ынтымағы жарасқан, туған елім- Қазақстан» атты  мерекелік концерттк бағдарлама ұйымдастырылды.

7- мамыр күні Қазақстан Республикасын Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне орай «Жас ұландар – мақтанышы елімнің» атты  мерекелік  концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.       

 9-мамыр күні  Қазақстан Республикасын Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және де Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған «Жеңіс туы желбіре»  атты тақырыпта мерекелік шара кентіміздің  «Даңқ» ескерткіші жанында ерекше аталып өтті.

1 - маусым балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Осы орайда жас ұрпақтың құрметіне «Балғын балалар- болашақ кепілі» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

12  қыркүйек күні Құрбан айт мерекесіне  арналып Мешіт алаңында мерекелік мәдени іс- шаралар  ұйымдастырылды. Қазақтың қасиетті киіз үйлері тігіліп, мешіт алаңы мерекелік көрініске енді.

21 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойына орай Майқайың кентінде жұлдызды 25 күннің аясында «Еншісін алған егемен ел» атты фестивалдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

15 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған  «Еншісін алған егемен ел» аттыконцерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 

         Майқайың кентінің әкімі                                                 О. Ермекбаев

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы