Баянауыл ауданының әкімі

Сәтбаев ауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жыл бойы әлеуметтік -экономикалық салада атқарған жұмыстары туралы ауылдық округі әкімінің есептік кездесудегі ТЕЗИСІ

Сәтбаев  ауылдық  округі әкімі аппараты 2016 жылы бекітілген жұмыс жоспары  бойынша  төмендегідей  жұмыстар  атқарды.

            Округте 1272 адам тұрады оның ішінде Қараащы ауылында -525, Теңдік ауылында -635, Көкдомбақ ауылында- 112 адам.  Жұмысқа қабілеттісі 589 оның 324 жұмыс істейді, 141 зейнеткер, жұмысқа  тұру орталығында 54 адам тіркелген. Арамызда соғыс ардагері жоқ. Бірақ олармен теңестірілген Ұлы Отан соғысы  жылдары  тылда  жұмыс  істеген  16 тыл ардагерлері бар. Округте 2 Ауған соғысы ардагері  тұрады. Екеуі  де  еңбек  істеп  елге  қызмет  көрсетеді.

            Ірі  қара  мал  саны 2017 жылдың бірінші  қантарына 5721 бас, аналығы 3194, қой, ешкі 13673 бас, жылқы 1887 бас,  тауық 1973 ге жетті.

Қазақстан Республикасы  Президентінің  2016 жылға  арналған Жолдауын  халық  арасында  облыс,  аудан  әкімдерінің  қаулы,  шешімдеріне талдаулар  жасап,  олардың  жүзеге  асыру барысын  хабардар етіп  отырды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арналған жолдауды Баянауыл ауданынан арнайы ақпараттық-насихат топ келіп ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

            Аз қамтылған отбасылар жанұясынан жыл бойы 9 адам  қоғамдық  жұмыстарға  тартылды. «Жұмыспен қамыту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша екі азамат жұмысқа тартылды.

            Жыл басында мал мен құстардың және шаруа қожалықтарындағы  малдардың  есебі  алынды.

            Әкім аппаратында 411 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

18 жасқа дейінгі аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан балаларға төленетін жәрдем ақы алушылар 9 отбасы, мемлекеттік әлуметтік көмек алушылар жоқ.

Әл ауқаты төмен, көп балалы отбасыларға, 90-нан асқан қарт зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау ретінде, 30 отбасына тегін, жалпы 75 тонна көмір бөлінді.

            Шадыра атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені бойынша БҰТ –ті 6 оқушы тапсырды, орташа  88.5 балл. 3 оқушы емтихан тапсырды.

            Академик Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені бойынша ҰБТ –ті 8 оқушы тапсырды, орташа 83 балл. 3 оқушы емтихан тапсырды.

Шадыра атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешеніне қүрес кілемі сатып алынды.

            2016 жылдың 27 қаңтарда аудан әкімінің ауыл тұрғындарымен өткен   кездесуінде  ауыл  тұрғындары  ауыл  өміріндегі мәдени - әлеуметтік, тұрмыстық салаларға қатынасты сұрақ қойылған болатын:

Қараащы ауылының тұрғыны К. Жанайдаровтың, Қараащы ауылында су ағыны келетін жағындағы бөгетті нығайтып, биіктету жөнінде М.Зайровтың Қараащы ауылы мен Теңдік ауылы арасындағы дамбаны ұзартуын сұрады.  Осы сұрақтар бойынша бүгінгі күні Заңдастыру жұмыстары жасалуда. Көктем айында Қараащы ауылындағы су ағыны келетін бөгетті қиыршық таспен бекітті.

            Жыл  бойында дүниеге 14 нәрісте келді. Екібастұз қаласынан екі рет медициналық тексеру құралдарымен жабдықталған жылжымалы автоқөлік келді. 2015 ж.-2016 ж. қыс айларында Теңдік және Қараащы кіре беріс жолдары үнемі тазаланып тұрды. Көкдомбақ ауылына баратын 9 шақырым жол үнемі назарда болды.

Қараащы, Теңдік ауылына кіреберіс автокөлік жолына кұрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Қараащы ауылына шағын футбол алаңы салынды.

Қараащы, Теңдік ауылдарына интернет желісі тартылды.

            Мамыр -маусым айында округ бойынша санитарлық тазалық көріктендіру айлығы  жарияланып, ауыл  тұрғындары  сенбіліктерге  қатысты.

            Ауылдық округтегі барлық нысандағы малдарға мал дәргерлік-профилактикалық  іс-шаралар  белгіленген  мерзімге сай  жүргізілді.

            Қара малды асылдандыруға 14 шаруа қожалығы субсидия арқылы қаржылаңдырылды.

            Округте  9  жеке  меншік  азық  түлік  дүкені  халыққа  қызмет  етеді.

    2017 жылы істелетін жұмыстар:

  1. Жаз айында мал бағуды ұйымдастыру;
  2. Үш елді мекенде тазалық жұмыстарын ұйымдастыру;
  3. Қараащы және Теңдік ауылдарында су ағыны келетін жағындағы бөгетті нығайтып, биіктету жұмыстарын ұйымдастыру.

                    Сәтбаев  ауылдық  округінің әкімі                               Қ. Әмиев

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы