Баянауыл ауданының әкімі

Күркелі ауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жыл бойы әлеуметтік -экономикалық салада атқарған жұмыстары туралы ауылдық округі әкімінің есептік кездесудегі ТЕЗИСІ

Күркелі ауылдық округінде 5 елді мекен бар: Күркелі – орталық, Большевик, Жарылғап, Қойтас, Желтау. Халық саны – 1082. Округімізде 1 орта, 2 бастауыш мектеп, 1 ФАП, 3 МП, 1 ауылдық Мәдениет үйі, 4 ауылдық кітапхана, телефон байланысы бөлімшесі, 1 шағын футбол алаңы,    1 балалар ойын алаңы, 1 шағын наубайхана, 1 шаштараз, 3 азық-түлік дүкені халыққа жұмыс істейді. 1 Мешіт бар. Жеке меншіктегі 2 КАВЗ автокөлігі округ тұрғындарын аудан орталығына тасымалдауда.

Ауыл шаруашылық нысандарына келетін болсақ, округте 62 шаруа қожалығы бар. Округіміздің негізгі саласы – мал шаруашылығы. Мал басы санын атап айтсақ: ірі қара – 5574, оның ішінде аналық – 3477 бас, жылқы – 2579, қой, ешкі – 9096, құс – 2151 бас. Ауыл шаруашылығы бойынша осы жылы біршама жұмыстар жасалды: Күркелі ауылдық округі бойынша барлық нысандағы малдарға малдәрігерлік профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Бруцеллез анықталған мал түрлері залалсыздандырылды. Округ бойынша 21 бас иесіз жүрген ит атылып, өлекселері өртелді. 2016 жылы мал түрлерін асылдандыру жұмысына 28 шаруа қожалығы қатысып, 71 қазақ ақбас бұқасы алынып, асылдандыру бағытында қолданылуда. «Сыбаға» бағдарламасымен 2 шаруа қожалығы ірі қара мал санын арттырып, кең көлемді несие алып, асылдандыру жұмыстары жалғасын тапты.

Денсаулық сақтау. Округ бойынша 1 ФАП (фельдшерлік акушерлік пункт), 3 медпункт бар,  1 жедел жәрдем автокөлігімен жабдықталған. 7 (жеті) медицина қызметкері жұмыс атқарады. Биылғы жылы да облыстық денсаулық департаментінен «Флюкар автокөлігі» ауыл тұрғындарына қызмет көрсетті. 2016 жылы округ бойынша 17 нәресте дүниеге келіп, олардың денсаулығы әрдайым медицина қызметкерлерінің бақылануында.

Білім беру. 2016-2017 оқу жылында округ бойынша 158 оқушы білім алып, 45 мұғалім еңбек етуде. Қ.Кемеңгеров атындағы ЖОББ мектебінен шалғай орналасқан Большевик ауылындағы оқушыларды тасымалдау мақсатында «ПАЗ» автокөлігімен қызмет көрсетілуде. Дипломмен – ауылға» бағдарламасымен Қ.Кемеңгеров атындағы ЖОББ мектебіне қазақ тілі пәні мұғалімі жұмысқа орналасса, Жарылғап бастауыш мектебі 2 бастауыш сынып мұғалімімен толықты.  

Әлеуметтік сала. Күркелі ауылдық округінде 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алушы 3 отбасы бар. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының 2-бағыты бойынша және Елбасының  кезекті Жолдауындағы шағын және орта бизнесті қолдау жұмысын жалғастыру мақсатында округімізде 3 шаруа қожалығы жұмысын дамытса, 1 адам жеке кәсіп ашып отыр.

 Мәдениет және спорт. 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Қошке Кемеңгеров» атты мерекелік бағдарламасы, «Тәуелсіздік тұғыры биікте», т.б. іс-шаралар ауыл тұрғындарына мерейтойлық көңіл сыйлап, жоғары деңгейде өткізілді. Жыл бойы спорттық жарыстар да ұйымдастырылып, аудандық спартакиадаға қатысып округіміз 5-орынға ие болды.

Инфрақұрылым. 

            Округімізде ауыз су мәселесі бойынша Күркелі ауылындағы тесілген су құбырларына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

            Күркелі ауылындағы иесіз бос тұрған үй, қоралар орны тазаланып, қоқыстар шығарылды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының І бағытымен Күркелі ауылында балалар ойын алаңы құрылды.

             2017 жылғы жоспарлар:

Жарылғап ауылындағы ұңғыма құдықты толығымен іске қосу, Желтау ауылын байланыс жүйесімен қамту, Күркелі ауылының иесіз бос тұрған үй, қоралар орнын тазалауды жалғастыру, «Билайн» ұялы байланыс желісімен толығымен қамту.

                Күркелі ауылдық округінің әкімі                                 Т. Сағынтаев

 

 

 

 

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы