Баянауыл ауданының әкімі

Жаңатілек ауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жыл бойы әлеуметтік -экономикалық салада атқарған жұмыстары туралы ауылдық округі әкімінің есептік кездесудегі ТЕЗИСІ

        Жаңатілек ауылдық округі екі елді мекеннен құрылған, олар Жаңатілек, Мұрынтал  ауылдары. Округте 1122 тұрғын, 248 отбасы бар. Ауылымызда 2 мектеп, мектеп жанындағы шағын орталық,2 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 2 медициналық пункт, Жаяу Мұса атындағы мұражай, «КБМ» ауыз су құрылғысы, Казпошта бөлімшесі қалыпты жағдайда  жұмыс атқарды.

Б. Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебі ұстаздары 2015 – 2016 оқу жылында  шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие беруде қалыпты жағдайда жұмыс атқарды.

Ауылдық мәдениет үйінде белгіленген жоспарлар бойынша мемлекеттік және атаулы даталар мерекелері, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып,өткізілді.

        Ауылымыздағы екі кітапхана да өз жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыруда.

Жаяу Мұса мұражайында өмірі мен қызметі жөнінде әңгіме, ауылдан шыққан жерлестер жөнінде,мерей той иелері атақты жазушылар мен ақындар туралы деректер бойынша шолулар өткізіліп отырады.

    Ауыл тұрғындарының денсаулықтарын жақсарту мақсатында жергілікті медицина қызметкерлері тарапынан жұртшылыққа тиісті көмектер көрсетілуде.                        

     Казпошта бөлімшесі округ шеңберінде жұртшылыққа сапалы қызмет көрсетуде. Атап айтсақ республикалық, облыстық, аудандық  мерзімді баспасөзге жазылу, зейнетақы, әр түрлі жәрдемақылар, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің еңбек ақысы, салық төлемдері, байланыс және энергия қуаты қызметтеріне төлемақыларын қабылдайды. Жалпы ауылдық округ бойынша бұқаралық басылымдарға жазылу дұрыс ұйымдастырылды.

     Округте 2 ұялы Аctiv, Beеleine KZ қондырғылары орнатылып, Жаңатілек ауылдық округі бойынша жалпы 174  телефондық нүкте байланыс жұмысы жақсы жолға  қойылған.  жалпы 135 телефон номері интернет желісіне қосылған. Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» бұл жұмыс одан әрі жалғасуда. «Хабар»,  «Қазақстан», «Евразия» телеарналарымен қатар отандық «Отау ТВ» және «Айди -тв» - 2 үй қосылған. Оптика –волокондық байланыс жүйесі, казпочта карта терминалдары жұртшылыққа қызмет жасауда.

       2017 жылдың 1 қаңтарына жоспар бойынша мал мен жанның санағы жүргізілді.

  Бүгінгі күні ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтар біздің шаруа қожалықтарында да байқалуда. Ауылдық округте 25-шаруа қожалығы жұмыс жүргізіп, өнімдерін өндіруде. Ағымдағы жылдың өзінде шаруа қожалықтары мал басының тұқымдық түрлендірілуіне қатысты 33 млн.теңге субсидия алды.  Шаруа қожалықтарына тиесілі жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізілді.     

        Елді мекендердегі барлық нысандағы малдарға профилактикалық іс – шараларды ауылдық округтің ветеринариялық пунктінің мал дәрігерлері малдарды егіп, емдеу жұмыстарын жүргізді.

         Округ бойынша өткен жылда 11 мемлекеттік  қызмет көрсетілді.

  Ауылдық округ бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламалары орындалуына да мән берілуде. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 49305649 тг қаржысы игеріліп, Б. Хайдаров атындағы жалпы білім беру мектебінің жылу қазандығы, «Жаңатілек ауылдық  мәдениет үйі» күрделі жөндеуден өткізілді.  Шағын футбол, балалар ойын алаңдары мен мектепке жылы әжетхана орнатылды.

         Мүлікті жария ету акциясы аясында 24 тұрғынның мүлігі жария етілді.

Ауылдық округтегі жұмыссыздарды жұмысқа тарту мақсатында, бос жұмыс орындарын тиімді пайдалану іске асырылуда. Жыл бойы қоғамдық жұмыстармен қамтылғандар саны-28 адам.

  Тоқсан сайын округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайлары   зерттелініп, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылар анықталып отырады.

      Ауылдық округ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен тығыз байланыста, белгіленген жоспар бойынша тиісті жұмыстар атқарылып отыр.

Жаңатілек ауылдық округі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру мақсатындағы жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы туралы» № 905 қаулысы іске асырылуда.           

 Ауылдық округ бюджеті бойынша қаржының игерілуі 100% орындалды.

Округ бойынша 2016 жылы құқық қорғау бағытында төмендегі жұмыстар атқарылды.

Ауылдық округ аймағында мал ұрлығы, жастар арасында құқық бұзушылық, отбасылық ауызбіршілігі бұзылу туралы  фактісі тіркелген жоқ.

2017 жылда Жаңатілек ауылдық округі бойынша төмендегідей проблемалық мәселелерді шешу мақсаты қойылып отыр:

  1. Жаңатілек ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыл ішілік су құбырының жобалау сметалық құжатына қаржы бөлініп, жасалмақшы.

      Округте ауыл тұрғындарының жағдайларын жақсарту мақсатында барлық қолдан келетін мүмкіндіктерді жасап, халыққа қызмет көрсетудеміз.  Еліміздің өркендеу жолындағы  осы маңызды мақсаттарды іске асыруға өз үлесімізді қосайық ауылдастар.

Жаңатілек ауылдық округінің әкімі                                            Ж. Мұсабаев

 

 

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы