Баянауыл ауданының әкімі

Қызылтау ауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жыл бойы әлеуметтік -экономикалық салада атқарған жұмыстары туралы ауылдық округі әкімінің есептік кездесудегі ТЕЗИСІ

Әлеуметтік саласы бойынша

         Округіміздің әлеуметтік – экономикалық негізгі қадамдары: жұмыссыздықты төмендету, денсаулық сақтау мен білім беру қызметінің сапасын арттыру, елді-мекендерді көріктендіру мен тазалық жұмыстары және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, қоғамның тұрақтылығы мен бірігуін одан әрі дамыту.

          Халықты жұмыспен қамту мәселесі жергілікті атқару органдар қызметінің маңызды бағыты. Аудандық жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған 50 адам болса, олар жыл бойына кесте бойынша 17 адам қоғамдық жұмыстарға тартылып отырды. Маусымдық жұмысқа 25-адам қабылданды. Жыл басынан бері 7 адам тұрақты жұмысқа қабылданды  «Жұмыспен қамтудың  2020 жол картасы»  бағдарламасының «Өрлеу» жобасы бойынаша   1 – отбасы  жұмысқа тартылса,  2 бағыты бойынша Молдашбекова Зияш мал шарушылығын өсіру үшін 3,0 млн тенге несие алды. 

Ауыл шаруашылық саласы бойынша

Ауыл шаруашылық нысандарына келетін болсақ, жоғарыда аталған 1 серіктестік, 56  шаруа қожалықтары бар болса, оның ішінде 2 шаруа қожалығы асыл тұқымды ірі қара мал және 1 шаруа қожалығы асыл тұқымды жылқы шаруашылығымен айналысуда. Қазіргі таңда малдың санын арттырумен қатар сапсын жақсарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Малды асылдандыру мақсатында 2016 жылы округке қарасты 32 шаруа қожалығына  асыл тұқымды бұқалар, 4 шаруа қожалығына асыл тұқымды қошқарлар және 3 шаруа қожалығына асыл тұқымды айғырлыр сатып әкеленіп, шаруашылықтар  малдарын асылдандыру жұмысымен айналысуда.

 Биылғы жылы 1-ші қаңтардың санағы бойынша ірі қара мал саны - 8314 бас, қой мен ешкі – 23273 бас, жылқы саны - 4772 басқа жетті.

 Абаттандыру, көріктендіру және санитарлық тазалық жұмыстары

Абаттандыру, көріктендіру және санитарлық тазалық жұмыстары жергілікті тұрғындардың және мекемелердің қатысуымен өз дәрежесінде өтті.

Жұмыспен қамту- 2020  бағдарламасы бойынша округте аббатандыру жұмысы жүргізіліп, Ж.Аймауытов ауылының  мектеп ауласына шағын футбол алаңы салынды. Аталмыш жұмысты баға ұсыну жолымен конкурста «Ақ-Жаным» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысы К.Кубешов жалпы құны – 5 397,0 мың тенге ұтып алып, жұмыс толығымен аяқталды. Бұл абаттандыру жұмысына ауылымыздан жұмыссыз 3 адам жұмысқа тартылды.

Қыс мезгілінде Ж.Аймауытов-Ақши ауыл аралық жолдарды қардан тазалау жұмысына «Асқар» ш/қ басшысы А.Кенжехановпен келісім-шарт жасалып, аталмыш жұмысқа 173 мың теңге қаржат бөлінді.

Елді мекендердегі көше жарығын қалыпқа келтіру мақсатында арнайы ауыл тұрғындарымен жиын өткізіліп, 25 көше жарығы орнатылды. Бұл жұмыстарға 480 мың теңге округтің арнайы есеп шоты арқылы төленді. Оның ішінде  Ақши ауылында 3, Ж. Аймауытов ауылында 16 және Лекер ауылында 4, ТЭЦ ауылына 2 көше прожеторлары көшелерді жарықтандыруда.

Білім беру саласы бойынша

 2016-2017 оқу жылында округ бойынша 187 оқушы білім алып, 48 мұғалім еңбек етуде. Мектептерімізде әлеуметтік қорғалмаған, аз қамтамасыз етілген, тубвиражды, тубқатынас, көп балалы отбасынан, Д есептегі  балаларға және демеушілермен жалпы саны 164 оқушыға бір мезгіл тегін тамақ беріледі.

Жазғы демалыста Баянауыл сауықтыру лагеріне 4 оқушы жіберіліп,  108 оқушы мектепішілік лагерінде тегін демалды. Аз қамтамасыз етілген отбасынан 1 оқушыға әкімшілік қызметкерлер тарапынан 15000 теңге қаражатпен көмек көрсетіліп, сауықтыру лагеріне жіберілді. Мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, аудан бойынша мектептер арасында ІІ орынды иеленді.

Ж.Аймауытов атындағы ЖОББ мектебінен шалғай орналасқан ТЭЦ  және Ескікөмір ауылдарындағы оқушыларды тасымалдау мақсатында Газель автокөлігі бүгінгі күні өз қызметін атқаруда. 2016-2017 оқу жылына кесте бойынша 1, 2 ауысым оқушыларын тасымалдау сызбасы бекітіліп, жалпы саны 40 оқушы аталмыш қызметті пайдаланып отыр.

2016 жылы Лекер ауылдық негізгі орта білім беру мектебінің жылыту қазандығына ағымдық жөндеу жұмысына 400 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша

Округ бойынша 1 дәрігерлік амбулатория, 4 медицина саласының қызметкері және 1 жедел жәрдем техникасы тұрғындарға қызмет етуде. Лекер ауылында 1 медбике жұмыс атқаруда. Жыл басынан бастап ауыл тұрғындарын дәрігерлік тексеруден өткізу мақсатында ауылдық округімізге жылжымалы медициналық көлігі келуде. Ауылдық округ тұрғындарының жылдағы дәрігерлік тексеруден өткізілуі, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтылуы үнемі назарда ұсталады. Биылғы жылдың басынан округ бойынша 10 нәресте дүниеге келіп, олардың денсаулығы әрдайым медицина қызметкерлерінің бақылануында. Лекер, Ақши, ауылдарында айына 2 рет медицина қызметкерлері   арнайы  халыққа дәргерлік қызмет көрсетіледі.

Ветеринария саласы бойынша

Мал дәрігерлік жұмыстын ұйымдастыру ауыл әкімінің қадағалауында.

Бұл салада жыл бойы округте 1 ветеринарлық пункт меңгерушісі, 5  веттехник қызмет атқарды. Мал дәрігерлерінің міндеті жұқпалы мал ауруларын болдырмау, мал есебін жүргізу, санитарлық тазалық, жалпы малдың кіріс-шығыс қозғалысына жауап беру. Ауылдық округтің мал дәрігерлік қызметі аталған қызметтерді ойдағыдай атқаруда. 

Сонымен қатар округ бойынша бос жүрген иттерді жою жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп, 100 пайыз орындалды.

Мәдениет және спорт саласы бойынша

Бүгінгі күні округ бойынша Ж.Аймауытов ауылдық мәдениет үйі және Лекер ауылдық клубы жұмыс істеуде. Осы мәдениет ошақтарында мемлекеттік, ұлттық мейрамдар, әр түрлі іс-шаралар жылдық жоспар бойынша өткізіліп, мәдениет үйінің ұжымы, мектеп ұжымы, ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары бұл шараларға белсене қатысуда. Елбасының жолдауынаң туындайтын іс – шаралар жүзеге асыру мақсатында бұқаралық спортты арттыру. Жыл бойына аудан, облыстық спорттық жарыстарға қатысуды ұйымдастырдық. Әр мерекеге орай ауыл тұрғындары арасында әр түрлі спорт түрлерінен жарыстар өткізілуде. Тәуелсіздіктің 25 жыллығына орай ауыл жастары және көршілес Май ауданы Ақшиман ауылынан көкпар ат спорт ойынынан жастар арасында жолдастық кездесу өткізілді. Жылдық спорттық іс-шаралар жоспарға сәйкес өткізлді.

Қызылтау ауылдық округінің әкімі                                              Р. Мұқашев

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы