Баянауыл ауданының әкімі

Баянауыл ауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жыл бойы әлеуметтік -экономикалық салада атқарған жұмыстары туралы ауылдық округі әкімінің есептік кездесудегі ТЕЗИСІ

Баянауыл ауылдық округ аумағына Баянауыл және Шонай ауылдары кіреді.

Жалпы ауылдық округ бойынша аула саны – 1496, жалпы тұрғындар саны - 6387 адамды құрайды.

Ауылдық округта 797 зейнеткерлер,  201 мүгедектер тіркелген.  «Алтын алқа» иегері - 58, «Күміс алқа» иегері -46 . 

2016 жылы ауылдық округ бойынша 38 адамға бір реттік материалдық көмек, 4 отбасына атаулы әлеуметтік көмек беріліп, 68 адам тұрақты, 47 адам қоғамдық жұмыс орындарымен қамтылды. 30 жалғы басты зейнеткерлерге үйде әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында 31 жас студенттер  жазғы уақытта аббаттандыру және тазалық жұмыстарына тартылды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен ауылдық округ бойынша 17 адамға өз кәсібін ашуға 53,9 млн теңге несие берілді.

Ауданда мектепке дейінгі мекемелер саны – 4.  Қамтылған бүлдіршіндер  - 285.

Үш жалпы орта білім беру мектептері жұмыс істейді.  Онда 196 мұғалім қызмет етіп, 1100 оқушы білім алуда. 2016 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша екі оқушы «Алтын белгі» жалпы орта білім беру аттестатының иегері атанды және қызыл аттестатты 5 оқушы алса, 22 оқушы 100-ден жоғары бал алды.

Облыстық және аудандық пәндер олимпиадасынан 47 оқушы, ғылыми жобалар сайысынан 45 оқушы жүлделі орынға ие болды.

Мектептерде 300 бала тегін ыстық тамақпен қамтылып, «Мектепке жол» акциясы аясында 102 оқушы киім-кешекпен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

Баянауыл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 611 астам балалар спортпен шұғылданады.

Жаяу Мұса атындағы өнер мектебінде 7 сынып бойынша 260 оқушы өнерлерін ұштауда.

Баянауыл  аграрлық техникалық колледжінде 51 мұғалім еңбек етіп, 120 студент 5 мамандық бойынша бүгінгі күні білім алуда.

Шонай ауылы мен  алыс қашықтықта тұратын оқушылар мектепке дейін 2 автобуспен тегін тасымалдану ұйымдастырылған.

Ауылдық округ аумағында денсаулық сақтау саласы бойынша 47 орындық бір орталық аурухана, бір ретте 150 адамға қызмет емхана, 30 орындық туберкулез ауруына қарсы сауықтыру және оңалту бөлімшесі және екі дәріхана жұмыс істейді.

Жолдарды қардан тазалау жұмыстарына 3712,6 мың теңге бөлініп, толығымен игерілген.

Ауылдық округ бойынша сәуір – қазан айлары аралығында «Таза жұма» күндері үнемі өткізіліп тұрды. Санитарлық тазалыққа жергілікті бюджеттен   1000,0  млн теңге, бөлініп, қаржы толығымен игерілді. 430,0 мың теңгеге 21 контейнерлер қойылды.

 Жергілікті бджеттен 825,0 мың теңгеге 10000 дана гүл алынып, орталық алаң, З, Ақышев ОМ алдына, Ж. Шанин көшесі бойына гүлдер егілді.

М. Әуезов көшесіне көше жарықтары орнатылып Қ.Сәтбаев көшесі бойына светодиодтық  үнемдегіш шамдары  орнатылды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы» аясында Қ. Сәтбаев көшесі бойына жаңадан 14 169,0 млн теңгеге көше жарықтары орнатылса,  Х. Абылғазин көшесі бойына 9 214,0 млн теңге болатын балалар ойын алаңы орнатылып, Зейтін ақышев атындағы мектеп қоршауын 9263,0 млн.теңгеге толығымен ауыстырылды

Аудан орталығында 8 ЖШС-і, 216 шағын кәсіпкерлік субъектілері бар. 53 сауда орындары жұмыс істейді.

Сонымен қатар ауылдық округ аумағында 2 шлакоблок шығаратын шағын цехы, 4 наубайхана, 5 дөңгелек жөндеу, 1 автомобиль жуу және 2 автомобиль жөндеу орындары жұмыс жасайды.

2015 жылы ауылдық округ бойынша 2721 мал есепте тіркелген. Оның 930 сиыр, 136 жылқы, 1650 қой мен ешкі және 5 шошқа. Құстар саны – 1300.

2016 жылы ауылдық округ әкімі аппаратына әр түрлі тақырыптағы 240 өтініш түсті. Оның 194-і жеке тұлғалардан, 46-і заңды тұлғалардан. Түскен өтініштердің басым бөлігі, яғни 60 пайызы қосымша жер учаскесі мен  жеке тұрғын үй салуға қатысты.

Баянауыл ауылдық округінің әкімі                       Қ. Талипов

 

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы