Баянауыл ауданының әкімі

Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жыл бойы әлеуметтік -экономикалық салада атқарған жұмыстары туралы ауылдық округі әкімінің есептік кездесудегі ТЕЗИСІ

Жаңажол ауылдық округіне үш елді мекен кіреді. Олар Жаңажол, Қарашоқы, Бүркітті ауылдары. Халық саны – 589 адам.

       Округ аумағында жалпы білім беретін орта мектеп, медициналық пункт, Мәдениет үйі, байланыс бөлімшесі, мұражай, М.Ж.Көпеев кесенесіндегі қонақ үйі, мешіт, үш кітапхана, үш дүкен халыққа қызмет көрсетуде.

Қоғамдық жұмыстарға кесте бойынша 14 адам тартылды.

Оның ішінде, жаз айларында екі адам М.Ж.Көпеев кесенесіне тазалық, аббатандыру жұмыстарына тартылды.

      «Қамқорлық» айлық қайырымдылық акциясы кезінде демеушілердің көмегімен әлжуаз топқа жататын адамдарға көмек көрсетілді (М.Ж.Көпеев кесенесі, шаруа қожалықтар және т.б.).

       Аудан әкімінің арнайы қорынанәлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетілді (көмір таратылды). Барлығы 18 отбасыға –38тонна көмір (аз қамтамасыз етілген, зейнеткер, мүгедек және т.б. санаттағы отбасылар).

Білім саласы

М.Ж.Көпеев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 106 оқушы білім алуда. «Еркетай» шағын орталығында 15 бала тәрбиеленуде.

33 мұғалім, 34 қызметкер жұмыс істейді. Биыл мектептің жылу жүйесіне, төбесіне мектеп қызметкерлерінің күшімен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

      «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының аясында мектепке жылы әжетхана салынды. Мердігер «РГП Еңбек» Павлодар қаласы, жоба құны 1 млн. 866 мың теңге. Уақытша жұмысқа бір адам тартылды

      ҰБТ қорытындысы 93,2 пайыз. Барлығы  5 оқушы ҰБТ-ға қатысты, оның ішінде 3-і қазіргі уақытта грантпен оқиды.

Мәдениет саласы

       Биыл Жаңажол ауылдық Мәдениет үйіне «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде күрделі жөндеу жұмыстарын «СК-Альтаир» ЖШС жүргізді. Қаражат сомасы 36 млн. 463 мың  100 теңге 80 тиын. Уақытша жұмыстарға жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған 16 (он алты) адам тартылды.

2016 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.

       Жаңажол, Қарашоқы, Бүркітті ауылдарының кітапханаларында жыл бойы ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыларды оқу және насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, ана тіліне деген қызығушылығын ояту, әрі оқырманды кітап оқуға баулу мақсатында іс-шаралар өтті.

Денсаулық саласы

       Жаңажол ауылдық медициналық пунктінде ауыл тұрғындары деңсаулығына байланысты көмек алады.

      Жоспар бойынша ауыл тұрғындары профилактикалық байқаудан өтті. Барлығы 90 адам.Флюрографиялық профилактикалық байқаудын жоспары 192 адам, барлығы 208 адам өтті.

Инфраструктура

      Ауылішілік жолдардың ұзындығы 10 шақырым құрайды. 2016 жылы ауылішілік  жолдарды ұстауға 383 мың теңге қаржы бөлінді, толығымен игерілді.Ауылдық округі  бойынша санитарлық тазалық жұмыстары үнемі жүргізілді. Мемлекеттік мекемелер жұмыскерлері мен ауыл тұрғындары сенбілікке қатысты. Күл-қоқыс арнайы жерге төгілді.

Ескельдіде екі қабатты қонақ үйінің құрылысы аяқталды. Салтанатты ашылуы 2016 жылдың 19 тамызында облыс көлемінде өткізілді. Қонақ үйге тұрақты жұмыспен екі адам, маусымдық жұмыспен екі адам қамтылды.

        2016 жылға республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарына жазылу жүргізілді.

 Ауыл шаруашылығы

        2016 жылдың желтоқсан айында өткізілген мал санағы нәтижесі бойынша ірі қара мал –2069 бас,оның ішінде аналық- 1226 бас, қой –1905 бас, оның ішінде аналық  1267 бас, ешкі –541 бас, оның ішінде аналық  340 бас, жылқы –1433 бас, оның ішінде  721 бас бие, құс -  763бас.

        Жаңажол ауылдық округі бойынша 20 шаруа қожалығы өз кәсібімен айналысады.  

Малды асылдандырумен бес шаруа қожалығы айналысады («Алихан», «Болашақ», «Баянауыл Агро», «Ескельді», «Нұрдәулет»).

«Баянаул Агро» шаруа қожалығы көп жылдық дақылдар егумен айналысады, биыл жақсы өнім алды.

        Ауылшаруашылық өнімдері Павлодар қаласында, Баянауыл ауылы мен Майқайын кеңтінде өткен жәрменкелерінде тұрғындарға ұсынылды.

        Шаруа қожалықтар өз кәсіптерін дамытуда, мал басы ауылдық округі бойынша өсуде.

       «Баянауыл ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не 2016 жылы61 млн. 761 мың теңге бөлінді, толығымен игерілді (жалақы, төлемдер, салықтар, отын, жаңар-жағар май,  байланыс қызметі, басқа да қызмет пен жұмыстар және т.б.); мектеп оқушыларын тегін тасымалдауға 1 млн. 477 мың теңге (жалақы, міндетті сақтандыру, жаңар-жағар май, қосалқы бөлшектер  және т.б. төлемдер);  «Жаңажол ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнына субсидия 7 млн. 738 мың теңге (қаражат қызметкерлердің жалақысы, қатты отын алуға, мемлекеттік салықтарды төлеуге жұмсалды); ауылішілік  жолдарды ұстауға – 383 мың теңге және т.б.

      2016-2017 жылыту маусымына 55 тонна көмір бөлінді, толығымен тасымалданды.

      2016 жылға ауыл тұрғындарына салынған жер мен мүлік, көлік салықтары белгіленген уақытта толығымен жиналды.

        Алдағы уақытта ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында төмендегі проблемалық мәселерді шешу мақсаты қойылып отыр.

      1.ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол», «100 нақты қадам», «Жұмыспен қамту-2020» және басқа да мемлекеттік бағдарламаларын орындау мақсатында іс-шаралар жүргізу;

      2.Жұмыссыздық деңгейін азайту;

  1. Ауылдық округ азаматтарының өтініштері мен шағымдарын қарау;
  2. Жаңажол, Бүркітті, Қарашоқы ауылдарымал қорымдарының жер телімдерін заңдастыру, орналастыру;

      5.Жаңажол ауылында балалар ойын алаңы мен футбол алаңын салу (жобалық-сметалық құжаттары дайын);

  1. Қаражат шешілсе, Жаңажол ауылына кірберіс стелласалу;
  2. Мектеп оқушыларын тасымалдауға жаңадан автобус алу;
  3. Бүркітті ауылында мал сою алаңын салу (инвестиция тарту).

      Жаңажол ауылдық округінің әкімі                                    Т.Тлеубаев

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы